Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 30 сәуірдің 2024 13:53

Қарағанды өнер колледжінде өткен семинар-практикум туралы бірер сөз...

            Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде  «Мұғалімнің шығармашылығы: өнер және мәдениет саласының педагогикалық қызметкерлерінің ерекше тәсілдері мен стандартты емес шешімдірі» атты  өнер және мәдениет саласының педагогикалық қызметкерлеріне арналған Республикалық семинар – практикумы өтті.

Семинар-практикумның мақсаты педагогтардың тәжірбие алмасуы мен шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамыту, оқытудың жаңа нысандарын іздеуге ынталандыру болды. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер-сыныптар, мәдениет департаментінің қатысуымен шығармашылық іс-шаралар, практикалық сабақтар, концерт, дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар студенттік теартр клубы өз өнерлерін көрсетті. Семинарға «Әлеуметтік мәдени қызмет», «Халық көркем шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша мамандар қатысып, пікір-тәжірбиелерімен алмасты.

         «Кітапханадағы заманауи көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру»  атты аралас сабаққа қатыстым, алған әсерім өте жоғары болды. Студенттердің әңгіме желісімен сахналаулары, кітап мазмұнын меңгергендіктері жоғары деңгейде болды. Студенттермен Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын Book slam  әдісі бойынша талдап, «Менің атым Қожа»  шығармасына скетч-қойылым көрсетті. Бұл оқиғалар желісін тамашалай отырып, студенттердің шығармаларды оқып, жоғары деңгейде меңгергендері айқын байқалды.

       «Сахна тілі» пәні бойынша «Демнен - дыбысқа дейін» атты ашық сабаққа қатыстым. Сабақтың мақсаттары: дикциямен артикуляцияға арналған кешенді жаттығулар арқылы анық, таза сөйлеуді дамыту; көлемді дыбыс жасап, оны серіктестікке бағыттай білу; дұрыс тыныс алу және демді толық игеру болды. Осы мақсаттарды негізге ала отырып ауызша, практикалық жұмыстар жүргізілді, оқытушы білім алушыларға сабақты игерте отырып, мақсатына жетті.

        Семинар-практикумның ұйымдастырушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, осындай мамандыққа байланысты шебер-сыныптар мен семинарлардың көбейе беруіне қолдау көрсетемін. 

Музыка және сәндік - қолданбалы өнер кафедрасының оқытушысы

Әби Ләйлі Сайфуллақызы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео