Психология және педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы жан-жақты білім беру міндеті туындайды. Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті "Педагогика және психология әлемінде" атты облыстық олимпиадасын ұйымдастырып, өткізді. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінен 10 білім алушы олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға қатысушы білім алушылар «Ұлағат» және «Психея» атты екі топқа бөлінді. «Ұлағат» тобы Жұмғажан Томирис, Нуридинова Жансая, Серик Назира, Жомарт Айым, Кумажанова Аяжан М-21 тобының білім алушыларынан құрылды. Ал, Ар-31 тобының білім алушылары Байбулова Амина, Михайлова Юлия, Рамазанова Аружан, Соколова Мария, Шестакевич Екатерина «Психея» тобының құрамын құрады. Топ жетекшісі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Байнакатова Зияда Мендыгалиқызы. Қатысушылар өздерінің презентациялары мен бейнероликтерін аброймен ұсынды. Облыстық олимпиадаға қатысу нәтижесі бойынша, «Психея» тобы 3 орын, «Ұлағат» тобы 2 орынды иеленді. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елеулі, жұмыстарыңыз берекелі болғай.
Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер