Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жексенбі, 05 мамырдың 2024 13:34

Мәңгі өшпес асыл мұра

  Ғажайып ұстаз, дарынды ақын, философ, энциклопедиялық білімі бар адам, нағыз тарихи тұлға Василий Амельянович Шалабаевтың (өзін Емельянович деп атағанды жөн көрді) туғанына 90 жыл.

  Василий Емельянович Алтынсарин идеясының мұрагері, оның өмірі мен шығармашылығын зерттеуші, ұлы ұстаз оқу орындары ашқан барлық аймақтарды аралап, Обаған ауданының атын Алтынсарин деп өзгертуге бастамашы болды. Василий Шалабаев басқарған барлық мектептер – Комсомольская, Тагильская, Ленинградская «Үлгілі мектеп» атағын алған. Балаларға арналған Докучаев мектеп-интернаты білім алушылар үшін махаббатқа толы үйіне айналды. Ұстаздық істің нағыз шебері жетекшілік еткен барлық педагогикалық ұжым шабыты, шығармашылықпен ерекшеленді. Осының бәрі ұлы ұстаздың сіңірген еңбегі.
  2024 жылдың 3 мамыр күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжі Василий Емельянович Шалабаевтың 90 жылдығына арналған "Заманауи педагогикалық ғылым: өзекті мәселелер, жетістіктер, инновациялар" атты жас педагогтер мектебінің көшпелі семинарын өткізді. Кусеубаева Жанар Абилкасовна, Каскырбаева Мөлдір Ормантайқызы, Деревенская Мария Сергеевна, Плохотенко Валентина Николаевна, Кравченко Татьяна Николаевна, Тулепбаева Жулдызай Сабиевна, Тулегенова Наталия Александровна, Мануленко Виктория Владимировна, Киньярова Диана Алтымбаевна, Кусеубаев Азамат Бралинович педагогикалық шеберліктерімен бөлісті. Докучаев жалпы білім беретін мектебі педагогтері үшін инновациялық оқыту мен оқу арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін білім беру процесін ұйымдастыру құралы ретінде Scaffold-ты түсіну мен пайдалануға ықпал ету мақсатында «Scaffold оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін оқу процесін ұйымдастыру құралы» тақырыбында әдістемелік сабақ, «Педагогикалық QUIZ» тапқырлық сайысы, спорттық сайыс, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жіппен сурет салу» әдісі бойынша арнайы сабақ, рефлексия ұйымдастырылып өткізілді. Жергілікті мектеп ұжымы сырттан келген әріптестері үшін мектеп оқушыларының қатысуымен шығармашылық концерт, мұражайға, шахмат мектебіне саяхат ұйымдастырып, құнды мәліметтерімен, зерттеу жұмыстарымен таныстырды. «Өткеніне көз салмаған, болашаққа түзу көзқарас қалыптастыра алмайды» дегендей, халқымыздың біртуар нар тұлғасын жас ұрпаққа айшықтап, танытып отырғанымыз – азаматтық борышымыз деп білеміз. Бүгінгі жас ұрпаққа ұлы тұлғаның өмірі, білімі, данышпандығы үлгі болып қалатыны сөзсіз. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, артында қалған ұрпақтарына, елімізге Василий Емельянович Шалабаевтың аты мәңгі өшпес асыл мұра.

Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео