Айналамызға қарасақ, табиғат көркі — ағаш екенін көреміз. Ал адамдар осыны біле тұра жас ағаштарды отынға кеседі. Барлық ағашты отынға пайдалану үшін кесіп тастасақ, көктемде табиғат көріксіз болып тұрмай ма? Сондықтан ағаштың барлығын кеспей, оларға күтім жасау керек.
Ағаштың бізге тигізер пайдасы өте көп. Ағаш болмаса таза оттегі бізге қайдан келеді?
«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы? Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Соны ұмытпайық.
Сол себепті біздің колледжіде көп жылдан бері бітіруші түлектері ағаш шыбықтарын отырғызу әдетке айналды.
Біздің Т -41тобы, 2024жылдың 16 мамырында колледж «Жас Ағаш» отырғызу бойынша бірыңғай республикалық экологиялық акцияға қатысты.
Адамзат табиғатты қашан да туған анасына балап, оның көрікті де көркем көріністерін масаттана жырлаған. Осы отырғызған ағаштар біздің колледжімізге үлкен көрік береді, әрі таза ауасы қандай дейсің шіркін!Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Әр білім алушының өз оқыған мекемесінің ауласын безендіруге қатысу – ол үлкен бір еңбек көзі. Отырғызғызған ағаштарына су құю, бақылау, оны күту бұл білім алушылардың көңіл күйін жақсартып, бірізділікке тәрбиелейді.
Т-41 тобының білім алушысы: Кендирбаева Дана
Куратор: Рахпанова Б.Г.