Baby Skills жобасы - бұл мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың түрлі кәсіптер мен қызмет салаларында кәсіптік шеберлік дағдыларын (Skills) бірнеше сатылы тапсырмалар алаңы. Мектепке дейінгі білім беру - бүкіл білім беру жүйесінің іргетасы екенін бәріміз де білеміз, өйткені баланың болашақ дамуының сипатын айқындайтын тұлғаның негізі осы жерде қаланады, ал мектепке дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу - бұл кішкентай тұлғаны көркемдік-эстетикалық тәрбиелеудің негізі.
Бүгін Қостанай облысының мектепке дейінгі балалар мекемелерінің он сегіз тәрбиеленушісі екі байқау тапсырмасында өз шеберліктері мен таланттарын көрсетті. Чемпионаттың 2-ші кезеңі аяқталғаннан кейін Муз/ДПМ-41 және Муз/ДПМ-31 тобының еріктілері балалармен қызықты және белсенді музыкалық үзіліс өткізді.
Тәуелсіз сарапшылар балалардың өнерін бағалап, «BabySkills Қостанай-2024» чемпионатының жеңімпаздарын анықтады:
1 дәрежелі Дилом - Лепухина Варвара, музыкалық жетекші Косарева Ирина Игоревна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 3 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК;
2-дәрежелі диплом - Кенжебек Даяна, музыкалық жетекшісі Туяқова Динара Кабидоллаевна, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 61 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК;
3-дәрежелі диплом -Мұхтар Інжу, музыкалық жетекшісі Мухамбетжанова Канымкоз Байгонысовна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің" № 11 бөбекжай-бақшасы» МКҚК.
«BabySkills Қостанай-2024» чемпионатының жеңімпаздары «Музыкалық тәрбие» құзыреті бойынша өздерінің дипломдарын алды. Барлық қатысушылар мен музыкалық жетекшілеріне сертификаттар табысталып, балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Біз қатысушылар мен музыкалық жетекшілеріне алғыс білдіреміз және барлығына мықты денсаулық пен шығармашылықта табыс тілейміз!
музыка және СҚШ кафедрасының арнайы пәндер оқутышысы Тулепбаева Ж.С.