Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 20 мамырдың 2024 16:29

«Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының отырысы

2024 жылдың 20 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының отырысы өтті.

            Отырысқа «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының мүшелері, оның ішінде 5 колледж оқытушысы қатысты. Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  • «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысы туралы есеп;
  • «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы бойынша білім алушылар мен оқытушыларды марапаттау;
  • Рефлексия. Пікір алмасу.

            Отырысқа қатысушылар «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысының есебімен танысты. Отырыс модераторы білім алушылардың түрлі деңгейдегі конференцияларға, жарыстарға және олимпиадаларға қатысу мониторингін ұсынды.            «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының отырысының қорытындысы бойынша Google-формасы арқылы колледж білім алушылары мен оқытушыларына кері байланыс берілді. 2024-2025 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Ғылыми студенттік қоғамға қатысушылар білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жандандыруды, ғылыми-зерттеу мектебінің жұмысын жалғастыруды, қызықты адамдармен кездесулерді ғылыми студенттік қоғамның жұмыс жоспарына енгізуді ұсынады.

 

                      Каскырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео