Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 24 мамырдың 2024 16:23

Батырларды үлгі ете отырып, жастарды ержүректікке тәрбиелеу

Биыл С.Қ.Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады. В-32 тобында Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы», Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының өмірі мен

қызметіне арналған дәріс оқылып, соғыс, аштық жайында бейне таспадан қарап  көзге жас алдық.... Біз көптеген жаңа мәліметтер алдық. Бізге Сағадат Қожахметұлының қандай адам болғанын, оның стратегиялық ойлау қабілеті, терең зерделілігі мен жоғары білім деңгейі Қорғаныс министрі ретінде өзін мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы және дипломат ретінде танытқаны туралы; Ол құрған әскер әлі күнге дейін өз міндеттерін ойдағыдай атқарып, Отанның күзетінде, қазақстандықтардың тыныштығын қорғауда. Дәл осы кісінің бастамасымен елімізде әскери кадрлар даярлау қолға алынып, қазіргі қарулы күштердің дәстүрі мен берік іргетасы қаланды. Сағадат Қожахметұлының шәкірттерінің арасында бүгінде Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінің көпшілігінде қызмет етіп жүрген дарынды командирлер, офицерлер, генералдар көп. Жаңа қазақ армиясының генералдарының барлығы дерлік оның шәкірттері. Қазір де олар өз әрекеттерін Нұрмағамбетовтің атымен салыстырады. Сағадат Қожахметұлы өзі туралы көп айтқанды үнатпайтын. Ұлы Жеңістің мән-маңызына тоқталатын болсақ, ол өзінің «Естелікте тыныштық жоқ» атты кітабында былай дейді: «Өткен соғыстың тағылымы бізге көп нәрсені үйретті. Бастысы, ата –бабаларымыздың бізге  берген бақытты өмірді бағалай білуіміз керек. Бүгінгі жастар өзінің әскери дәстүрін сақтап, өркендетуге, бейбіт жолмен алға, әрі қарай жүруі керек. Мен, барлық майдангерлер, барша адал адамдар сияқты, 1945 жылдың мамырынан бері бұл туралы ойлауды тоқтатқан емеспін. Өйткені, Жеңіс күні – көптеген халықтардың қазіргі өмірінің бастауы: демократия мен егемендік бостандығының, оның ішінде Қазақстанның да бастауы». Осындай биік дәрежеге жеткен Сағадат Қожахметұлы сол баяғы қарапайым, ақкөңіл, сезімтал адам және тарихта есімі маңғы аты қалған. Осындай дәрістер нағыз азамат, ұлтжанды адам, ең алдымен Отанын ойлау керектігін, саналы ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған Сағадат Нұрмағамбетов сынды тұлғалардың өнегесі арқылы жастардың бойына тарихты, қоғам алдындағы борышын ұғыну керектігін үйретеді. .

В-32 тобының студенті Ротман Виктория

Куратор Кострова Л.Ю

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео