Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« July 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Сәрсенбі, 29 мамырдың 2024 19:05

Қостанай жоғары педагогикалық колледжіндегі «Денсаулық фестивалі»

Rate this item
(1 Vote)

Бүгін Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің спорт алаңында бірінші курс студенттеріне арналған "Денсаулық Фестивалі" спорттық-бұқаралық іс-шарасы өтті.

Жарыс достық және өзара қолдау атмосферасында өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және олардың жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Нәтижелер келесідей болды:

Арқанмен секіру пәнінде минутына 122 рет секірген Т-11 тобының студенті Қауыс Әсел үздік атып, екінші орында 115 рет нәтижемен У-11б тобы Исабекова Алина және үздік үштікті минутына 113 рет нәтижемен Әуезханова Аида РХК-11 аяқтады.

Жігіттер үшін тартылу келесідей орындар бойынша бөлінді: 19 рет нәтижемен бірінші орынды Жансүгіров Ахмад У-11б тобы жеңіп алды, екінші орынды Муз/ДПМ-11  тобының студенттері Дмитрий мен Жақсалықов Қуаныш ИК-11 15 рет көтерілді, ал 14 рет тартылу нәтижесімен үшінші орында Ак-11 тобының студенті Байман Тамерлан.

Қыздар бойынша денені жатып көтеруде, РХК-11 тобының студенті Леготина Анастасия минутына 67 рет көтерілу нәтижесі бойынша бірінші орынды иеленді. 55 рет көтерілу нәтижесімен екінші орынды У-11Б тобының студенті Кнаус Татьяна мен Спенаки В-11Б Элеонора, ал үшінші орынды 54 рет нәтижемен Кужабаева Томирис Ак-11 иеленді.

100 метрге жүгіруде ең жылдам Дмитрий Муз/ДПМ-11 тобы бірінші орын, екінші орын Сыздығалин Ералы Ир-11 және үшінші орын Исламбек Маженов У-11а тобы болды. Қыздар арасында Щербна Валерия РХК-11 бірінші орынды, екінші орынды Жикина Анна У -11б, ал үшінші орынды В-11А тобының студенті Школьная Оксана иеленді.

Ұлдардың орнынан ұзындыққа секіру бойынша У-11а тобының студенті Маженов Исламбек 263 см, екінші орынды Муз/ДПМ-11 студенті Ханов Дмитрий 250 см және ИК-11 тобының студенті Жақсылықов Қуаныш 242 см нәтижесімен үшінші орынға ілікті. Қыздар арасында 205 см нәтижемен бірінші орынды РХК-11  тобының студенті Мышковец Лаура, 194 см нәтижесімен РХК-11 студенті Ерсұлтанова Ариадна екінші орынды және үшінші орынды Т-11 студенті Есмурзина Мансия 192 см аяқтады.

Фестивальдің соңында ең қызықты соңғы кезеңінде эстафета өтті. Әр кезең қиын болғанымен, барлық қатысушылар толық дайындықпен келген. Бірақ жеңімпаз соңғы кезеңде анықталды. 44,07 секунд нәтижесімен бірінші орынды В-11а тобы,  екінші орынды 45,01 нәтижесімен РХК-11 тобы және мәреде небәрі 5 секундта жеңіліп, үшінші орынды 45,50 нәтижесімен У-11б тобы иеленді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды оқу жылының осындай жарқын және белсенді аяқталуымен құттықтаймыз.

Дене шынықтыру оқытушылары

Тулегенова Н. А., Байтұрсынов А. Б.

 

Read 453 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео