Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 30 мамырдың 2024 13:14

Өнер әлемінде......

«Балалар сұлулық, ойындар, ертегілер, музыка, сурет салу, қиял, шығармашылық әлемінде өмір сүруі керек».  

Василий Александрович Сухомлинский.

 

Бейнелеу өнері туралы білімдерін қортындылау мақсатында В-41 тобында «Балабақшада бейнелеу өнері іс-әрекеті»тақырыбында білім алушылар арасында ашық сабақ интеллектуалды ойын түрінде ұйымдастырылып өткізілді. Сабақ әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өтті.  Білімді белсендіру үшін білім алушылар келесі тапсырмаларды орындады:

  • Бейнелеу өнерінің түрлері бойынша сұрақтар;
  • Тақырып бойынша кроссворд: «Бейнелеу өнерінің жанрлары»;
  • Білімді бекіту үшін сурет салу дәстүрлі емес әдістеме арқылы жүргізілді. (Пейзаж)

Сабақ қызықты, шығармашыл және ерекше формада  өтті.

Интеллектуалды ойын барысында ерекше тапсырмалар орындау,білімді қолдануды талап ететін қызықты сәттер болды. Нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін тиянақтап, тәжірибелік дағдыларын көрсетті, бұл олардың болашақ кәсіби қызметінде пайдасы зор екені сөзсіз.Қызықты тартыста 95 ұпай жинап 1-ші шағын топ  жеңіске жетті. Командалар жақсы білімдерін, топпен жұмыс істеу қабілетін көрсетіп, ақыл-ойының икемділігі мен шығармашылық қабілетін көрсетті. Командалар тәтті ынталандыру түрінде марапатталды.

Сабақты бұл формада өткізу білім алушылардың ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін ашуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға және жаңа білім ізденуге, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Барлық білім алушылар сабақтан жағымды эмоциялар алды!

 

 

Арнайы пәндер оқытушысы:Киньярова Д.А

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео