Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 03 маусымның 2024 11:30

Оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы

2023-2024 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты оқу-тәрбие үдерісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, шығармашылық және педагогикалық қызмет

үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушылардың таңдаған мамандығы бойынша оқу пәндерінің бағдарламаларын табысты игеруі үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу, педагогтердің біліктілік деңгейі мен кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және енгізу болып табылады.

2024 жылғы 30 мамырда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы өтті. Отырыста «Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға дайындық барысы туралы» /Р.А. Ким, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының м. а./, «Колледжде тәлімгерліктің нысаналы моделін енгізу жөніндегі қызметті талдау», «2023-2024 оқу жылындағы педагогтердің ғылыми-әдістемелік, шығармашылық қызметіне мониторинг қорытындылары туралы» мәселелер қаралды /Ж.А. Кусеубаева, әдіскер/. Сондай-ақ, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.М. Морозенко «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде заманауи маманды кәсіби даярлау жүйесіндегі тәрбие жұмысы» тақырыбы бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін ортаға салды.

2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік кабинеттің және құрылымдық бөлімшелердің (кафедралардың) қызметі, 2024-2025 оқу жылына арналған перспективалық жоспарлау туралы директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Т.А. Чуркина толық талдау жасады. Ол өз сөзінде ағымдағы оқу жылында педагогтердің әдістемелік және кәсіби шеберлігі өсуінің оң динамикасын: педагогтердің белсенділігі, олардың шығармашылыққа деген ұмтылысы өскенін, кәсіби конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға қатысатын педагогтер мен білім алушылардың саны артқанын атап өтті.

Отырыстың екінші бөлімінде «Үздік оқу-әдістемелік жоба» байқауының қорытындысы шығарылды, оған 10 шығармашылық топтың инновациялық қызметінің нәтижелерін ұсына отырып, колледждің 12 педагогі қатысты. Педагогтердің оқу-әдістемелік жобалармен жұмыс жөніндегі шығармашылық топтарын ұйымдастыру кәсіби өсу және тәжірибе алмасу мақсатында, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді шешу, оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылады. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелерінің шешімімен А.К. Бактыгалиев, А.К. Бактыгалиева, Е.В. Гливина, Ж.Б. Демесинова, Д.А. Елеусизова, Т.З. Мухамеджарова, М.Н. Сатыбалды, Г.Е. Султанова, А.Б. Шаяхметова сынды педагогтердің үздік жұмыстары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Отырыс соңында 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, педагогтердің оқу-әдістемелік қызметін дамытудың келешектегі міндеттері қаралды.

Т.А.Чуркина,

директордың оқу-әдістемелік жұмыс

жөн.орынбасары

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео