сабақ ұйымдастырудың жаңа құралын таныстыру басты мақсаты болды.
Ең алдымен озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жетекшісі Демесинова Жанна Болатовна жыл бойғы іс-шаралар мен отырыстар жайлы есеп берді. Әр отырыстың мазмұнына тоқталып, белсене ат салысқан кафедралар мен педагогтарға алғыс айтты.
Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кравченко Татьяна Николаевна SCAFFOLD сабақты ұйымдастырудағы педагогтарға арналған жаңа құралды таныстырды. Тренинг барысында әр түрлі карточкалар арқылы жаңа сабақты тиімді жоспарлау мен өткізу әдістері бойынша педагогтар жұмыс жасап қорғады. Жұмыс барысында педагогтар SCAFFOLD әдісінің маңыздылығына тоқталды.
Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жетекшісі
Демесинова Жанна Болатовна