Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« July 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Сәрсенбі, 03 шілде 2024 17:38

Диплом алу- әрбір жастың алаулаған арманы

28 шілде де  Қостанай өңіріндегі беделді  оқу орындарының бірі –  Қостанай жоғары педагогикалы колледжінің  түлектері үшін ерекше күн болды.  Бұл күні колледждің 5 мамандығы бойынша

алаулаған арманы бар 306 түлек  бірнеше жыл бойы жиған білімінің төлқұжаты іспеттес дипломдарын қолға алды.

Аталған  оқу ордасы білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы білім ұясынан түлеп ұшқан түлектер қазір сан-салада жемісті еңбек етіп, өмірдің сара жолында абыроймен аттары шығуда.

Колледж директоры Ғалия Ульмекханқызы  бүгінгі бітірушілердің де сол жолды абыроймен жалғайтындығына сенім білдіріп, 88 түлекке қызыл диплом табыстады. Құттықтау сөзінде басшы барлық түлектерге сәт-сапар тілеп, бүгінгі мерекенің әр студенттің жеке жеңісі екенін және биылғы бітірушілер колледж үшін жұлдызды түлектер екенін атап өтті.

Осы бес мамандық ішінде  бастауыш білім беру мамандығын ерекше атап өтуге болады. Берілген 88 қызыл дипломның 47 - сі осы мамандық түлектеріне тиселі. Бұл дегеніміз колледж ұстаздарының абыройлы еңбегі мен сапалы білім берулері. Осы түлектеріміздің жақсы маман болып шығуына ерекше еңбектері сіңген, екінші аналарындай болған топ жетекшілер: Тулепова Д.Ж., Кенжегарина А.А., Молдабаева А.У., Абишева А.Ю., Деннер Н.Н., Рахпанова Б.Г., Кружнова М,П., Волошко В.И.,  Мухамедьярова Г.А.

Салтанатты шараға кафедра меңгерушілері, оқытушылар және түлектердің ата-аналары қатысты.

Шара барысында әр мамандық түлектері  сапалы білім  мен  тағылдымды тәрбие берген колледж ұжымна өз алғыстарын білдірді. Биылғы бітіген әр түлегіміз өмірде өз орындарын тауып, білімді де білікті маман боларына сеніміміз мол.

Ахат Қ. З., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео