Ақпаратты сапалы және жоғары тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; информатика пәнін дамыту мүмкіндіктерін анықтау және іске асыру; ІТ педагогтарының озық педагогикалық тәжірибесін тарату; мектепте білім алушыларды кәсіптік бағдарлаудың өзекті мәселелерін талқылау процесінде педагогтердің құзыреттілігін арттыру мақсаттары негізге алынды. Жалпы білім беретін мектептерде білім алушыларды кәсіптік бағдарлау мәселелеріне жетекшілік ететін ақпараттандыру, информатика пәні мәселелеріне жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, ЖБМ АКТ бойынша директорлардың орынбасарлары, ТжКБ ІТ бойынша директорлардың орынбасарлары, арнайы білім беру ұйымдарының ІТ бойынша директорлардың орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептерді білім алушыларды кәсіптік бағдарлау мәселелеріне жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары, информатика мұғалімдері қатысушылар қатарында болып, пленарлық отырысқа қатысып, сандық көрме кешенін тамашалады. Жалпы секция бес бөлімнен тұрды. 1,2 секция – «Информатика»; 3 секция – «Кәсіптік бағдар беру және түлектер үшін жаңа мүмкіндіктер: проблемалар және оларды шешу жолдары; 4 секция – Робототехника; 5 секция – «Білім беруді цифрландыру». «Транстелеком» АҚ , «IDHELP» ЖК, «BeyimTech» ЖШС, «Bilim Land» ЖШС, қалалық техникалық шығармашылық мектебі өз өнімдерін сандық көрме барысында ортаға салып ұсынды.
Жаңа 2024-2025 оқу жылы белсенді қарқынмен басталуда, жаңа оқу жылы табысты, жемісті, жеңісті болғай.
Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер