«Бұл шығармашылық бастама бірнеше айдың ішінде акцияға 3 миллионға жуық адам қатысып, осындай бастамалардың арқасында бір миллион тоннадан астам қоқыс жинады , Бұл – нағыз патриоттық, Отанға деген қамқорлық деп елде жаңа әлеуметтік этика қалыптасады.
29 тамыз күні қаламызда Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы мен Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы бірлесіп «Таза – қала» атты ауқымды шара ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға еріктілер, жастар, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, 200-ге жуық адам қатысты. Біздің Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері, экологиялық практика әдіскері А.А.Брахметовамен бірге акцияға ат салысты.
Өткізілетін орын ретінде өзінің табиғи сұлулығымен және қала тұрғындары арасында ерекше танымал Green Park орналасқан жері таңдалды.
Ұйымдастырушылар іс-шараның барлық аспектілерін, соның ішінде қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін еріп жүруді мұқият ойластырған.
Жасыл саябаққа келгеннен кейін барлық қатысушылар командаларға бөлінді: білім, спортшылар, мәдениет, табиғи ресурстар, «Жасыл Ел» қызметкерлері, кейін іс-шараға қатысу ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді. Әр командаға қоқыстарды қабылдайтын және ұпай жинайтын еріктілер тағайындалды. Қоқыс жинау уақыты бір жарым сағатты құрады.
Шараның басты мақсаты – саябақты тазарту және жиналған қоқыстарды шыны, пластмасса, қалайы және жалпы қоқысқа бөлу.
Қоқыс жинау бойынша командалық жарыстарға ерекше назар аударылды, бұл іс-шараны қызықты етіп қана қоймай, қатысушылардың ұжымдық жұмыс рухын сезінуіне көмектесті. Байқау жеңімпаздары тәтті сыйлықтарға ие болды.
«Таза қала» шарасы тек экологиялық акция ғана емес, сонымен қатар жастардың өз ойын ашық айта алатын, ұжымдық жұмыс дағдыларын арттырып, қоршаған орта тазалығын сақтауға үлес қосатын спорттық шараға айналды. Жоғары педагогикалық колледж студенттерінің акцияның басқа қатысушыларымен бірлескен жұмысы саябақтың жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беріп, сонымен бірге ауа ортасының саулығын жақсартып, саябақтың ландшафтын жақсартып қана қоймай, өз қаласына, еліне деген патриоттық сезімді оятуға ықпал еткені сөзсіз.
А.А. Брахметова экологиялық тәжірибе әдіскері