Әрбір білім алушы оқу орнына түскеннен кейін белгілі бір дәрежеде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым білім алушыға ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, жобалармен, бизнес-инкубаторлармен айналысуға көмектеседі және осының арқасында білім алушы өзін өз саласының маманы ретінде жүзеге асыра алады. Ғылым – біздің болашағымыз.
Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, жарыстар, ғылыми шаралар ұйымдастырады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы адамның ой-өрісін кеңейтуге, интеллект пен зерделіліктің дамуына ықпал етіп, білім алушының білімге деген құштарлығын оятады. 2024 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы 1 курс студенттерімен кездесті. Он минуттық лекция барысында әр топ ғылымның не екенін, оның сұлулығы неде және оны не үшін істеу керек екенін өздері түсінді. ҒСҚ төрағасы мен қатысушылары ғылыми қызметтегі алғашқы қадамдар туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті және ғылыми жобаларға қатысудың білім мен кәсіби дамуға зор мүмкіндік екенін түсіндірді. Бұл ғылыми қоғамдастықтың бір бөлігі болып, заң ғылымының дамуына үлес қосқысы келетіндер үшін маңызды бастама болды. Біз сіздің қызығушылықтарыңызды көргенімізге қуаныштымыз және «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының алдағы іс-шараларына қатысуға шақырамыз.
Амиргали Айғаным, Ак-21 тобының білім алушысы