Іс-шараға колледж ұстаздары мен музыка бөлімінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Дархан Ержанұлы музыкалық мұғалімдерді даярлау үдерісінде ұлттық және аймақтық музыкалық мұраларды танып-білудің маңыздылығына тоқталды. Бұл кітаптың мазмұны ұстаздар мен студенттерге болашақ музыка мамандарын тәрбиелеуде өлкетанулық тәсілдерді қолданудың жолдарын ұсынады.
Дархан Ержанұлы студенттермен сұрақ-жауап алмасып, өзінің студенттік өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ол Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің түлегі екенін мақтанышпен атап өтіп, білім алған шағы оның кәсіби жолының қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын айтты. Іс-шарада біртұтас тәрбие мәселелері де талқыланып, музыкалық білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастырудың маңыздылығы сөз болды. Кездесу барысында студенттер Дархан Ержанұлынан кәсіби жетістіктерге қалай жеткені туралы кеңестер алып, музыка мұғалімдерінің қазіргі заманғы талаптары жайында сұрақтар қойды. Қожебаев ұстаздық қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық шеберлікті дамытуда тұрақты ізденістің маңыздылығын атап өтті. Ол музыкалық мұралар арқылы патриоттық тәрбие берудің өзектілігін тілге тиек етіп, музыкалық өлкетанудың болашақ мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсіндірді. Сонымен қатар, студенттерге әрқашан шығармашылық көзқарасты дамытуға және жаңа технологияларды қолдануға үндеді. Іс-шараның соңында қатысушылар монографияның мазмұнына қызығушылық танытып, болашақта осы бағыттағы зерттеулерге қатысуға ынта білдірді.
Ахат Қ.З., Қостанай жоғары педагогикалық колледжі директордың оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары.