Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024 09:59

"Мектептегі баланың алғашқы күндері" - педагогикалық практиканың бір түрі

"Мектепте оқыту ешқашанда

бос жерден басталмайды,

әрқашан бала жасаған дамуынан

белгілі бір кезеңге сүйенеді"

Л. С. Выготский

 

            "Мектептегі баланың алғашқы күндері" - бұл бірінші сынып оқушыларының өміріндегі жаңа кезең ғана емес, сонымен қатар "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының студенттеріне де. Біздің жаңа оқу жылымыздың басталуы әдеттегідей колледжде емес , Қостанай қаласының "№ 19 жалпы білім беретін мектебі" ҚММ-де "1 Қыркүйекке" арналған салтанатты жиында өтті. Осылайша, В-32 тобының студенттері 1 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін созылған педагогикалық практиканы бастады. Біздің алдымызда баланы мектепте оқытудың алғашқы күндеріндегі оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен танысу, балалардың мектепте оқуға дайындығын ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру, сондай-ақ  мектепке дейінгі ұйым, отбасы және мектеп жұмысындағы сабақтастықтың негізгі аспектілерін зерделеу мақсаты тұрды.

           Педагогикалық практика барысында біз нақты тапсырмаларды орындадық: бастауыш сыныптарда педагогикалық процестің жабдықталуын зерттедік, балаларды оқу және еркін іс-әрекетте бақыладық, балалардың мектепке бейімделу деңгейін анықтау үшін сабақтарға қатысып, талдадық. Сабақтар мен үзілістерде денсаулық сақтау қағидасын ұстана отырып, балалар аздап демалып, жаңа күштермен жұмыс істеуді жалғастыру үшін динамикалық үзілістер, нейрогимнастика, қозғалмалы ойындар өткізілді. Мұғалімнің сынып бұрыштары мен құжаттамасын  дұрыстау мен безендіру бойынша өзімізге  тәжірибе алдық.

            Біз зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлдік.  Диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдана отырып: бақылау, баламен сөйлесу, тестілеу, әр түрлі тапсырмалар, балалар іс-әрекетіне  талдау, баланың мектепке мотивациялық және интеллектуалды дайындығын зерттеп бақыладық. Балалармен "көзбе -көз" қарым-қатынас жасау өте қызықты болды, өйткені олар  әртүрлі, белсенді,ақылды және кез келген іс- әрекетке дайын тұрады.

        Өткен тәжірибе қорытындысы бойынша біз мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы керек екенін  түсіндік. Балаларды екі жақтан тәрбиелеу бір –бірімізді нығайтады және  толықтыруы қажет. Балабақша тәрбиешісінің педагогикалық қызметі міндетті түрде мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындауға бағытталуы керек, бұл дамудың қажетті деңгейін және баланың білім беруде одан әрі ілгерілеу перспективасын қамтамасыз етеді.

 

                                В-32 тобының білім алушысы,                                              Исмагулова Галия

                                                                                           Практика  әдіскері:  Попова Г. А.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео