Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« October 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Бейсенбі, 26 қыркүйек 2024 09:29

МЕНІҢ НӘТИЖЕМ - МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ

2024 жылдың 24 қыркүйегінде «Алаш болашағы» пікірсайысшылары арасында алғашқы турнир өтті.  Қазақстан Республикасының еңбек күніне орай өткізілген "Менің нәтижем - менің жетістігім" атты дебат турнирінің ашылуы ерекше мәнге ие болды.

Турнир Абай Құнанбаевтың «Еңбек жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы» деген дәйексөзімен басталды. Бұл сөздер еңбек пен адамның ішкі әлемі арасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Дебат турниріне қатысушылардың барлығының мамандықтары бір, мұғалім болу. Ендіше олар қазірден бастап өздері ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақты еңбекке баулуға дағдылану керек. Себебі, келешегіміз сол жастардың қолында.

Турнир екі тілде, БПФ форматында өткізілді. Ойын барысында қатысушылар өздерінің еңбектегі жетістіктерін және нәтижелерін ортаға салды. Әрбір қатысушы өз ісінің шебері болып, еңбектің нәтижесін көрсетіп, жеңіске жетуге ұмтылды. Бәсекелестік тек кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен қатар рухани және моральдық деңгейде де байқалды.

Абайдың даналығы бүгінгі қоғамға да өзекті. Еңбек – тек физикалық күш жұмсау емес, ол адамды қалыптастырып, оның тұлғасын дамытуға септігін тигізеді. Турнирдің мақсаты – жастарды еңбекке баулу және өз жетістіктерін көрсету үшін мотивация беру. Бұл шара еңбекқорлық, адалдық және қажырлылық сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін жақсы мүмкіндік болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар өздерінің жетістіктерін атап өтіп, болашаққа деген сеніммен, жаңа мақсаттарға қарай қадам жасады. Ойында төменде көрсетілген қарарлар талқыланды:

  • БП Chatgpt секілді нейрондық желілер пайдадан қарағанда көбірек зиян келтіреді деп есептейді. 
  • БПкомпания немесе кәсіпорын басшысын қызметкерлердің дауыс беруі арқылы таңдайды.

Турнир нәтижесінде қатысушылар спикерлік қабілеттерін көрсетіп, бар күштерін салды. Қазақ лигасы бойынша:

1-орын. Темірғали Айша Т-11, Сабирова Айшагуль Ак-21.

2-орын. Ауесхан Айнагуль М-11, Шаувенова Арайлым Ак-21.

3-орын. Шукеева Фариза Ак-11, Қыдырқожаұлы Диас МҚБ-22.

Сонымен қатар, белсене қатысқаны үшін Кумажанова Аяжан М-31, Таскенова Аяжан Т-11 тобының студенттері марапатталды.

Орыс лигасы бойынша:

1-орын. Сущук Татьяна УПБ-12, Курманова Алина УПБ-12.

2-орын.Сактаганова Даяна Ар-11 б, Мусагалиева Данабеке Ар-11 б.

3-орын.Хакимова Наргиз РХК/ДПМ-31, Шевчук Екатерина РХК/ДПМ-31.

«Үздік спикер» номинациясына Курманова Алина, Шаувенова Арайлым ие болып, топтан алға шықты.

Пікірсайысшыларға қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!

 

«Алаш болашағы» дебат клубының жетекшісі Сандыбекова Ж.Н.,

Ак-21 тобының студенті Шаувенова Арайлым.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео