Жиналыстың басты мақсаты – студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу шараларын талқылау болды. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің директоры Г.Уразамбетова «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды баяндама жасады. Ол жасөспірімдердің психикалық және эмоционалдық денсаулығын сақтау қоғамның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Директор жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатын жақсарту үшін колледжде жүйелі қолдау көрсету, студенттерге қауіпсіз орта құру, ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату және білікті мамандардың қатысуымен психологиялық көмек көрсету қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ педагогтарға студенттердің ішкі жан дүниесіне көбірек көңіл бөліп, олардың психологиялық жағдайын үнемі назарда ұстау қажеттігін және бала өмірінің қоғамда ең басты құндылық екендігін атап өтті..
Бұл жиналыс колледжде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Ахат Қ.З., Қостанай жоғары педагогикалық колледжі директордың оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары.