Үзілістердің мақсаты – қызығушылықтың дамуына ықпал ететін танымдық атмосфераны құру, сонымен қатар миды белсендіруге, күйзелісті төмендетуге және өнімділікті арттыруға бағытталған қарапайым және тиімді нейробика жаттығуларын меңгеру.
Психикалық және физикалық денсаулығыңызды сақтай отырып және жақсарта отырып, қажетсіз ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, танымдық белсенділікті қалай қолдауға, ойлау процестерін дамытуға болады? Жауап - ақыл-ой мен физикалық белсенділікті ынталандыратын ми гимнастикасы.
Біздің педагогикалық қызметіміз танымдық әрекетке тікелей байланысты, сондықтан үнемі даму және белсенді психикалық әрекет процесінің де болуы маңызды. Миымызды, ми қабілетімізді дамыта отырып, біз оны жақсы күйде сақтай аламыз және қызықты, бай өмір сүре аламыз.
Химия пәнінен интерактивті сабақ 1 курс студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Шара барысында студенттер химия пәні бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді және келесі нәтижелерді көрсетті:
1 орын Ақ-11 тобы
2 орын Ир-11 тобы,
3 орын Ар-11б тобы.
«Ми фитнесі» үзілісінде мектепке дейінгі білім беру кафедрасының, филология кафедрасының, педагогика және психология кафедрасының, ЖҒП кафедраларының оқытушылары мидың оң және сол жарты шарларын синхрондау, жаңа нейрондық желілерді құруға бағытталған жаттығулар жасауды үйренді. Бұл жаттығуларды сабақ алдында орындау немесе оларды дене жаттығулары ретінде өткізу жақсы, бұл білім алушылардың өнімділігін арттыруға көмектеседі. Бір айдан кейін жаттығулардың әсерін күнделікті бес немесе одан да көп қайталау арқылы нәтижесін көре аласыз. Демек, денені жаттықтыру арқылы біз ақыл-ойымызды дамытамыз.
Интерактивті үзіліс – оқу процесін қызықты әрі тиімді етудің тамаша тәсілі. ЖҒП кафедрасының оқытушылары мұндай үзілістер жиі болатын болса, студенттер де, оқытушылар да жаңа жетістіктерге шабыттанып отырады деп үміттенеді.
ЖҒП кафедрасының оқытушылары