Конференцияның негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми ойлауын дамыту, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, биологиялық ғылымдарға қызығушылықтарын қолдау.
Бұл іс-шара студенттерге өздерінің жасаған рефераттарын көпшілікке таныстыруға және Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Ұлағат» ғылыми студенттік қоғамының ортасымен байланыс орнатып мүшесі атануға мүмкіндік берді.
Аталған іс-шараға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 1 курсының ғылымға деген қызығушылық танытқан білім алушылары өздерінің зерттеу нәтижелерімен таныстырып, сұрақтарға жауап берді және пікірталастарға қатысты.
Конференция барысында ең үздік баяндамалар анықталды.
1 орын - «Климаттың өзгеруінің Қазақстан табиғатына тигізетін әсері» Қабдығали Айнұр, Казгельды Альбина Альбина, Ак-11тобының білім алушылары;
Дәл осындай тақырыбымен Ик-11 тобының білім алушылары Ауелбаев Ернар мен Боранбай Меруерт 1-ші орынға иеленді.
2 орын - «Актуальные экологические проблемы и пути решения» Кушнарчук Полина, Ар-11а тобының білім алушысы.
«Қазақстанның экологиясына ауыл шаруашылығының әсері және тұрақты дамуы» Галымбай Әли, Абдісәттар Бекарыс, Муз-11 тобының білім алушылары; «Экосистемы Казахстана: разнообразие и особенности» Черпанова Шамама, Т-12 тобының білім алушысы;
3 орын - «Қазақстанның дәстүрлі дәрілік өсімдіктері» Айсенова Адина, М-11 тобының студенті және «ДНҚ-ны зерттеу тарихы» Байжан Гүлназ, Т-11 тобының білім алушысы.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Бұл білім алушылар үшін үлкен мотивация болды және олардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттырды.
Қатысушыларымыздың әділ бағасын берген, әділқазы алқасы болғандар:
1) Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Ұлағат» студенттердің ғылыми қоғам жетекшісі - Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы;
2) Қостанай жоғары педагогикалық колледжі музыка және сәндік қолтаңбалық шеберлік кафедрасының арнайы білім беру пәндер оқытушысы Нуржакупова Гульшат Кенжетаевна;
3) Қостанай жоғары педагогикалық колледжі жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының жалпы білім беру пәндер оқытушысы -Ракымжанова Гульмира Каиржановна;
4) Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Тургынбекова Тогжан Нурлыбеккызы;
5) Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Ұлағат» студенттердің ғылыми қоғамының мүшесі – Кусаинов Алан, Ар-31 тобының студенті.
Конференцияға қатысушыларды бағалаған қазылар алқасына уақыт бөліп, жұмыстарды бағалау мен талдауға қосқан үлестеріңіз баға жетпес болды және тәжірибелеріңіз бен обьективтіліктеріңіздің арқасында іс-шарамыз жоғары деңгейде өтіп үздік жобаларды анықтай алғанымызға алғысымызды білдіреміз.
Студенттік конференция – бұл білім алушылар үшін өздерінің ғылыми әлеуетін көрсетуге және жаңа білім алуға тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақтағы ғылыми мансабына үлкен үлес қосады.
Брахметова Анар Аскарбековна, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы