Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 22 қазан 2024 10:44

Ұстаз ғибраты – ұрпаққа өнеге

2024 жылдың 16 қазанында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде ерекше маңызды оқиға өтті, колледж студенттері мен оқытушылары – Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, білім әлемінің шебері, мыңдаған шәкірттердің жүрегінде ерекше орын алған жан, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған-мектеп-гимназия интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К.Нугумановпен кездесті.

Кездесуге Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары Ардақ Құрмашұлы Бегатаров пен техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Кульсейтова Нағима Байдрахманқызы және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Бұл кездесу білім беру жүйесіне үлкен үлес қосқан, мыңдаған шәкірттердің жүрегінен орын алған ұстаздың өмірі мен тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді. Оның педагогикалық тәжірибесі, әдістемелік жаңашылдықтары және ұстаздық өмірі бүгінгі жастарға үлгі. Кездесу барысында Ағыбай Карынович ұстаздардың рөлі, білім сапасы, оқушылардың рухани және мәдени тәрбиесі туралы кеңінен сөз қозғады.

А.К.Нугуманов өз сөзінде тәрбие мен білім қатар жүру керектігін айта отырып, білім беру тек ақпарат беру емес, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыру, рухани және моральдық тәрбие беру керек екенін атап өтті.

А.К. Нугуманов өзінің ұстаздық өміріндегі қызықты сәтер мен жетістіктермен бөлісіп, студенттердің педагогикалық тәжірибесін жинақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол ұстаздық қызметті жан-тәнімен атқарудың, шәкірттерге сүйіспеншілікпен қараудың маңызды екенін айтты.

Кездесу барысында студенттер Ағыбай Карыновичке сұрақтар қойып, оның тәжірибесінен білім алуға тырысты. Көптеген жастар ұстаздың айтқан кеңестері мен әдістемелері қызықты екенін айтып, олардың тәжірибелерінде қалай қолдануға болатынын сұрады. А.К.Нугуманов студенттердің ынтасын жоғары бағалап, әрқайсысына өздерін дамытуда табыс тілеп, бата берді. Бұл кездесу Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары үшін үлкен рухани шабыт көзі болды. Ағыбай Карыновичтің үлгі-өнегесі жастардың жүрегінде терең із қалдырып, білім алу мен шығармашылыққа деген ынталарын арттырады деген сенімдемін.

 

                                                                              Филология кафедрасының

                                                                               қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                               пәнінің оқытушысы                     

                                                                               Кенжегарина А.А.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео