Еліміздің үздік педагогтарінің, Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жандардың құрметіне алғыс сөздер айтылды. Өз мамандығының үздік, тамаша өкілдерінің қатарында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы Галия Еркеновна Султанова «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанды. Оның есімі байқау тарихына Қазақстан Республикасының 2024 жылғы жеңімпазының, «Үздік педагогінің» есімі ретінде жазылған!
Галия Еркеновна – бұл жай ғана оқытушы емес, ол шабыт көзі, өз студенттерінің білімге деген сүйіспеншілігін оятатын, оларды жаңа биіктерге жетуге шабыттандыратын, жауапкершілік пен патриотизмге баулитын педагог. Ол өз оқушылары үшін нағыз көшбасшы болып, оларды үлкен жетістіктерге шабыттандыратын тәрбиешінің жарқын үлгісі. Оның басшылығымен колледж студенттері Байкабулова Амина, Жаксимбетова Дильназ, Ковалева Алина, Хусаинов Сұлтан, Осетрова Екатерина, Рысмагамбетова Айгүл халықаралық және республикалық байқауларда жеңіске жетіп, биіктерге жетті. Олардың жеңістері Галия Еркеновна үшін ғана емес, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі үшін де мақтанышқа айналып, оның маңызды жетістіктерінің қоржынын толықтырды.
Галия Еркеновнаның республикалық байқаудағы жеңісі – Қазақстанда өз жұмысына тек білім ғана емес, жанын да салатын дарынды, өз ісіне берілген педагогтер жұмыс істейтіндігінің айқын дәлелі. Оның үлгісі колледж оқушыларын ғана емес, барлық болашақ мұғалімдер мен педагогтерді жаңа шыңдар мен жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізуге шабыттадырады!
Біз Ғалия Еркеновнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оның игі ісінде одан әрі табыстар тілейміз!
Чуркина Т.А., директордың оқу – әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары