Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 29 қазан 2024 12:09

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті

Rate this item
(1 Vote)

2024 жылдың 28 қараша айында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелен ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында  Қостанай қаласындағы білім саласының қызметкерлерімен

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «Құрмет орденінің иегері», Қазақстандағы танымал мемлекеттік тілдегі синхронды аудармашы,  Камал Әбілқасымқызы Әлпейісовамен  кездесу өтті.

Кездесуге Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Закиұлы Мұқаметқали. «Аманат» партиясы жанындағы республикалық Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Орынбасарқызы Ахатай қатысты.

Кездесу барысында Камал Әбілқасымқызы өз сөзінде ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы жастарды рухани дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді сақтау мен ата-баба дәстүріне сүйене отырып, саналы ұрпақ қалыптастырудың маңыздылығына аса көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Кеш қонақтары  «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының директоры   Келінбердиева Ырсалды Сейлханқызы өз мектебінде  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша ой бөліссе, колледж студенттері ұстаз жайлы өлең шумақтарын ұсынды.

Камал Әбілқасымқызы  «Ұл өсіріп-ұяға, қыз өсіріп –қияға» қондырған ана ретінде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздарға  көптеген кеңестер беріп өз іс тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында Камал Әбілқасымқызы өз қаламынан шыққан  төрт кітабын колледжге сыйға тартты, бұл студент мен ұстаздар үшін баға жетпес әдеби мұра болды.

Ахат Қ.З., Қостанай жоғары педагогикалық колледжі  директордың оқу жұмыстары

жөніндегі  орынбасары 

 

 

Read 161 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео