Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 01 қараша 2024 17:02

Іс-әрекеттегі жас педагог мектебі

2024 жылдың 29 қазан күні «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК-да жас және жаңадан қабылданған оқытушылардың қатысуымен  «Жас педагог мектебінің» жоспарлы отырысы өтті. ЖПМ қызметі жас мамандарды әдістемелік көмекті ұйымдастыру және кәсіби мен тұлғалық өсу үшін жағдай жасау арқылы колледждегі оқу-білім беру процесіне бейімдеуге бағытталған.

Колледж басшылығы және бүкіл ұжым жаңа бастаған педагогтарға қажетті білім мен дағдыларды игеруге жәрдемдеседі, жаңа бастаған педагогтардың өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға деген қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етеді, білім және тәрбие мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Отырыстың тақырыбы: «Пәндер мен факультативтік сабақтар бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде әдістемелік көмек, оқу сабақтарының жоспарын жасау».

Отырыста педагогика және психология кафедрасының оқытушысы В.И. Волошко талаптарға сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша кеңес берді. Сонымен қатар, колледждің оқу сабағының жоспарын құру мәселесі қаралды: қағидаттар, типология, құрылым.

Табиғи-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, биология магистрі, педагог-зерттеуші Кравченко Татьяна Николаевнаның «Идеядан іске асыруға дейін: Scaffold карталарымен сабақтарды шығармашылық жоспарлау» атты сөзі ерекше қызығушылық тудырды. Педагогтардың назарына сабақтарды құрудың негізгі қағидаттары ұсынылды. Педагогтар Scaffold карталарымен танысты.

Отырыстың  тәжірибелік бөлігінде оқытушыларға SMART - талдау әдістемесі бойынша өз сабақтарына талдау жүргізу ұсынылды.

Отырыс жоғары эмоционалды деңгейде, жылы, достық және сенімді атмосферада өтті.  Жас педагогтар өздерінің одан әрі дамуы үшін көптеген жаңа және қызықты жаңалықтар жинап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

 

 

                                                            жетекші Волошко В.И., педагогика және            

                                                            психология кафедрасының арнайы пәндер

                                                            оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео