Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 14 қараша 2024 08:23

Музыканың адамға әсері

Бүгінгі күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілетін ашық сабақтар –білімалушының жан-жақты дамытудың маңызды құралы.Қазіргі қоғамдығы баршамызға ортақ және бәріміз үшін қастерлі мақсатымыз – терең білім мен саналы тәрбиеге уызынан қанып өскен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екені даусыз. 

Осы мақсатпен өткен "Музыканың адамға әсері" тақырыбы білімалушылардың мәдени танымын арттыруға және эстетикалық көзқарасын дамытуға бағытталған. Бұл сабақтың мақсаты – музыканың адам психологиясына, мінез-құлқына, ойына және көңіл-күйіне қалай әсер ететінін түсіндіріп, оқушыларды музыка арқылы рухани және эмоционалды байыту.

Бұл ашық сабақ білімалушыларға музыканың тек өнер ретінде емес, адам өмірінің маңызды бөлшегі ретінде қабылдануына ықпал етті. Білімалушылар музыка арқылы тек демалып қана қоймай, рухани және эмоционалды тепе-теңдікке келуге болатынын түсінді. Сабақ соңында педагог әрбір  білімалушыны өз қалауы бойынша музыканы тыңдап, оның адамға тигізетін әсерін сезіне білуге шақырды.

 

Осылайша, "Музыканың адамға әсері" тақырыбы аясында өткен ашық сабақ білімалушылардың мәдениетке, өнерге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, музыканың адамның психикалық және эмоционалды күйіне әсер ететін қуатты құрал екеніне көз жеткізіп, өз мамандықтары жайлы көрініс қалыптастырды.

 

Муз-11 тобының топ жетекшісі, Тулепбаева Ж.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео