WorldSkills Чемпионаты қоғамда жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасты өзгертуге көмектеседі. Мамандарды дайындау жоғары біліктілік пен шеберлікті қажет ететінін көрсету маңызды. Бұл жастарды техникалық және кәсіптік мамандықтарды таңдауға тарта алады, бұл өз кезегінде білікті кадрлар тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Чемпионатқа қатысу жаңа стандарттар мен оқыту әдістерін енгізуге ықпал етеді. Білім беру мекемелері халықаралық талаптар мен тенденцияларға назар аудара отырып, өз бағдарламаларын белсенді түрде жаңарта бастады. Бұл студенттерге еңбек нарығының сұранысына сай заманауи білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Чемпионатқа қатысу тек жарыс қана емес, сонымен қатар тұлғалық өсу мүмкіндігі. Мұндай жоғары деңгейде жарыс қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге және күйзеліске қарсы тұруды үйренуге көмектеседі. Сандыбекова Жансая колледжіміздің «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша түлегі. Жансая АЛТЫН алды! Оның жеңісі – біздің колледждің жеңісі! Бұл мамандық бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 қатысушы қабылданып, әр облыстан үздіктердің үздігі шықты. Сандыбаева А.Б. , Жунусова К.С. жетекшілігімен басты сарапшылардың пікірінше Жансая ең перспективті, шығармашыл болғаны бізді де қуантады.
WorldSkills чемпионаты жай ғана жарыс емес, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруге, білім сапасын арттыруға, білікті кадрлар даярлауға арналған қуатты құрал. Мұндай шараларды өткізу экономиканы дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту және кәсіби өсуді ынталандыру үшін қажет. Болашақ ұрпақтың біліктілігі жоғары мамандар болуы үшін осындай бастамаларға инвестиция салуды жалғастыру маңызды.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
Байнақатова З.М.