Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі тетіктерін және жастардың бойында тұрақты моральдық құндылықтарды қалыптастыру әдістерін талқылады. Студенттердің адалдығын, Заңға деген құрметін және белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеудегі білім беру мекемелерінің рөліне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстелде тренингтер өткізу, пікірталастар ұйымдастыру және оқу бағдарламаларына тиісті тақырыптарды енгізу сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша практикалық ұсыныстар айтылды.
Іс-шараның қорытындысы ретінде қатысушылар «Саналы ұрпақ» жобасын дамыту және заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын насихаттау бойынша жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.
Жоба саналы және әділ қоғамды қалыптастыру бойынша диалог пен стратегияларды әзірлеу үшін маңызды алаң болып қала береді.
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна