Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 26 қараша 2024 07:57

«Асық ату» ұлттық ойыны қазіргі таңдаңдағы маңызы.

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?
Абай

            Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі ертеден келе жатқан ойындардың бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. 

    «Асық ату» ойынының тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқы көшпенді өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқандықтан, асықтар әрбір үйде кездесетін. Бұл ойын қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени қазынасы. Асық ойыны тек балалардың ойыны емес, ересектер арасында да кеңінен тараған болатын. Көптеген ауылдарда бұл ойын ұлтымыздың рухани қазынасына айналып, жастарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданылды.

     Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.

     Бүгін  25 қараша  сағат 15.00 де «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедра апталығы аясында «асық ату» ойыны өтті. Оййынды Т-12 топ  білім алуысы Бәкір Аружан өткізді. Аружан жалпы «асық ату» ойынымен айналысып жүргеніне 5 жылдан асқан екен.Бүгін Аружан өз құрдастары мен қалған топ білім алушыларына қыз балалар қалай ойнау ережесін түсіндірді және ұл балалар қалай ойнау керек екен тәртібін айтып кетті де, өзі ойнап көрсетті. Ойынға Ак-11, М-11, М-21, Т-21,11 тобының  білім алушылары қатысты.

     Біртұтас тәрбиеге байланысты «Асық ату» ойынын жүргізе отырып байқағанымыз, әр білім алушылар бұл ойынды шын көілмен , беріліп ,әрі қыз бала ұл бала дегенге мән бермей үлкен әсермен ойнады.аружан шын мәнінде де әр топтан жиналған  білім алушыларды ойынға тарта білді.ойын кезінде әр ойыншының салт- дәстүрдің білетін , әр асықтың атауын ереже , ойналу тәртібін білетінін көрсетті. Ойын кезінде бір –біріне жол беріп,ізеттілік танытып, сондай кішіпейілдікпен мейірімділікті байқадық. Ұлттық ойыны «Асық  ату» өз мәртебесін жоғалтпағаны бүгін мені қуантты.

                 Т-12 топ студенті: Бәкі Аружан

               Арнайы пәндер оқытушысы : Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео