Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 26 қараша 2024 18:22

Шығармашылық арқылы іс-әрекетті жүзеге асыру.Арт-терапия.

Арт-терапия – терапевтік, оңалту мен түзету жұмыстарын қамтитын психотерапияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Шығармашылық терапия әдісін бүгінгі таңда көптеген психологтар негізгі немесе көмекші әдіс ретінде өз салаларында қолданып келеді.

Қазіргі таңда әлемде арт-терапияның түрлері үлкен жетістіктерге ие.Арт-терапия дегеніміз – өнермен емдеу. Арт – өнер, терапия – ем жүргізу деген сөз.Мектепке дейінгі тәрбие апталығы аясында психологиялық тренинг ретінде Т-41 тобының студентерімен Арт-терапия шебер сыныбы ұйымдастырылып өткізілді. Шығармашылық терапия адамның санадан тыс процестерін (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы елестер) және адамның ішкі күйін ашуға көмектеседі.Шебер сыныпқа колледждін білімалушылары мен оқытушылары белсене қатысты. Арт- терепияның ерекше түрі жұмсақ ермексазбен жұмыс болғандықтан қатысушыларға шығамашылық жағынан қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.Әсіресе ДПМ-11 тобы топ жетекшісімен,Т-31 тобы және басқа да оқытушылар қызығушылық таңытып,өз өнерлерін көрсетті. Қорыта айтқанда, бүгінде арт-терапияның қуыршақ терапия, библиотерапия, ойын терапиясы, құм және музыкалық терапия секілді көптеген түрлері бар. Жалпы сіз арт терапиямен айналыса отырып, психоэмоционалдық халіңізді жақсартып, әр түрлі сезімдерді символдық пысықтауға, көркем өнерді дамытуға деген мүмкіндік аласыз. Психологиядағы сезімдерді өнер арқылы жеткізу әдісі жасырынған қабілетіңізді шығарып, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін айтқымыз келеді.

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы:Жолдыбаева Д.С.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео