Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығында (02.04.2024 ж. № 72 ҚР Оқу-ағарту Министрінің бұйрық редакциясында) 1-тарауда, 2-тармақта, 11-т.т. «Педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы (ақпараттандыру объектісі) педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін педагогтің үздіксіз кәсіби даму жүйесі (бұдан әрі – Платформа)» («Ұстаз» АЖ) жаңа ұғымы енгізілді.
Сондай-ақ, осы қағидалардың «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» 2 Параграфындағы 45-тармақта «Мемлекеттік қызмет платформа арқылы көрсетіледі, 46-тармақта «Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдемелерін көрсететін материалдары (портфолиосы) әртүрлі базалардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы Платформадағы «жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылады» делінген.
Осы «Ұстаз» ақпараттық жүйесінің жұмысы, жеке нәтижелер мен жетістіктердің (сондай-ақ білім алушылардың) деректерін уақтылы жүктеу арқылы, педагогтер өздерінің кәсіби қызметінің нәтижелерін оңай қадағалай алады.
Педагогтер «Ұстаз» ақпараттық жүйесінің жұмыс принципімен, мәліметтерді енгізу және модульдерді қажетті материалдармен толтыру алгоритмімен танысты. Кеңес қорытындысы бойынша педагогтер педагогтің жеке бейінін толтыру үшін құжаттарды ұсыну, әріптестердің оқу сабақтарына өзара қатысу туралы деректерді енгізу бойынша қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
директордың оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары Т.А. Чуркина