Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 19 желтоқсан 2024 15:23

Халық пен тіл бір-бірінен ажырамайды.

Ана тілің біліп қой,
 Еркіндігің, теңдігің.
 Ана тілің біліп қой,
 Мақтанышың, елдігің.

Қадыр Мырза Әли

       Т-21 тобында  «Халық пен тіл бір-бірінен ажырамайды» тақырыбында куратор сағаты өтті. Тіл халықтың рухани байлығы, мәдени мұрасы және білімінің негізі саналады. Ол адамдардың бірігуін, бір-бірімен араласуын жүзеге асыруға және ортақ мәдениеттің қалыптасуына мүмкіндік береді. Тіл мемлекеттің  бақыты мен одан шығатын сан түрлі болашағының негізі болдып табылады.

      Бүгінгі күні халық мен тілді ажырату мүмкін емес. Себебі, халықтың ана тілі оның дәстүрі, мәдениеті, даналығы мен байлығының айнасы болады. Халықтың асыл қағидалары, салт-дәстүрлері де осы тіл арқылы беріледі. Біз куратор сағатында мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ақындарымыздың өлең жолдары оқылды. Топ білім алушылары ана тілді қорғау, дамыту және оны келері ұрпаққа мұра ретінде апаратын аманат ету баршаның міндеті екенін атап өтті.

 

                                                        Топ жетекшісі: Абжанова А.К.

                                                        Т-21 тобының білім алушысы Қойшан Аружан

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео