Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шағын мерекелік іс-шарамен барды. Бұл іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде патриоттық тәрбие бағытында ұйымдастырылды.
Мақсаты – балалардың рухани құндылықтарға сүйенуін нығайтып, тәуелсіздік, патриот туралы терең мағлұмат беру болды.
Колледждің 4-курс білім алушылары «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне және балаларына өз өнерлерін паш етіп, нағыз патриоттық рухты оятты. Шара барысында күмбірлеген домбыра, бұлбұлдай дауыспен орындалған әндер және нәзік бишілердің мың бұралған билері ерекше ықыласпен қабылданды.
«Мың бұралған би – мәдениеттің мәйегі» -дегендей іс-шарамызды ашу мақсатында «Құрбылар» биімен балаларды тамсандырдық. Сонымен қатар, Қабдел Дарина аруымыз «Күй – қазақтың жүрек үні» - дей отырып, «Алаш аманаты» күйін әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізді.
Әсем әуен – адам жанын тербетер сырлы толқын. Халқымыздың ата-бабадан қалған асыл мұрасы – күйді тыңдау арқылы біз рухани байлығымызды сезінеміз. Сахнамыздың төрінде Атимтаева Бағжанат пен Кенжебекова Дильнара Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» күйін қобыздың қоңыр дауысымен орындап, тыңдаушыларды ерекше сезімге бөледі.
«Тұмар» биін билеген нәзік қыздардың әсем қимылдары көрермендерді ерекше баурайды. Қыздардың билерінде қазақ мәдениетінің нәзіктігі мен сұлулығы бейнеленеді. Қимылдары үйлесімді, қанық ұлттық нақышқа толы болды. Туған жер – әр адамның жүрегіндегі ең қастерлі мекен. Ол – өмірдің бастауы, тұғыры биік Отанымыздың алтын бесігі дей келмекші «Арнау» триосы «Туған жер» әнін балаларға паш етті! Сонымен қатар, көрерменнің бойындағы қазақ рухын ояту мақсатында Мырзабекұлы Мәди, Мұратқалиев Абат «Әлқисса» күйін орындады. Іс-шараны қорытындылай отырып, Мырзабекұлы Мәди «Мен қазақпын» әнімен мерекені ыстық ықыласпен аяқтады. Өнерпаз жастардың орындаған күйлері мен әндері, сондай-ақ әсем билері көрермендердің жүрегіне терең әсер қалдырды.
Балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері өнер көрсеткен білім алушылардың шығармашылығына жоғары баға берді. Шара соңында мекеме басшылығы Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің ұжымына және колледждің басшысы Жомарт Қоңырбайұлына алғыс білдіріп, арнайы "Алғыс хатпен" марапаттады.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің РХК/МУЗ-41 тобы ұйымдастырған патриоттық іс-шара балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін түсінуге үлкен үлес қосты. Бұл мереке колледж ұжымының балаларға деген шынайы ықыласы мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Жастардың өнері тәрбиеленушілерге үлгі болып, олардың бойында рухани құндылықтарға деген құрмет пен патриоттық сезімдерді нығайтты. Мұндай шаралар тек мәдени құндылықтарды насихаттаумен шектелмей, балаларға қуаныш сыйлап, өмірдің жарқын сәттерін есінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Еліміздің болашағы — жас ұрпақ үшін бұл тәрбие жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Алдағы уақытта осындай мазмұнды және жүрекке жылы тиер іс-шаралар жалғасын табатынына сенеміз.
Қостанай жоғары педагогикалық
колледжінің педагогика және психология
кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы:
Кубегенова Гульназ Жумабаевна.