Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 23 қаңтардың 2025 11:16

БҮГІНГІ ИННОВАЦИЯ – ЕРТЕҢГІ ПРОГРЕСС

«Ұлағат» ғылыми студенттік қоғамының № 5 отырысы

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында  Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған «Ұлағат» ғылыми-студенттік қоғамының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа ғылыми студенттік қоғамының 45 мүшесі, оның ішінде 6 колледж оқытушысы қатысты.

Бұл іс-шараға колледждің дарынды білім алушылары, олардың ғылыми жетекшілері және арнайы шақырылған қонағымыз Бузмакова Ирина Александровна Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары,педагогика магистрі, педагог-зерттеуші қатысты. Отырыс барысында білім алушылар  өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырып, алдағы уақытта облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға үміткер жұмыстар талқыланды.

«Ұлағат» ғылыми-студенттік қоғамы – бұл тек ғылыми жұмыспен айналысатын алаң ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін орта.

Отырыстың басты мақсаты – білім алушылардың ғылыми ізденістерін қолдау және ең үздік жұмыстарды іріктеп, алдағы ғылыми конференцияларға дайындау болды. Осы іс-шараға қатысқан білім алушылар өздерінің ерекше идеяларын ұсынды. Атап өтетін болсақ: Сабырова Жансая М-41 тобының білім алушысы, «Ұлттық құндылықтарды бастауыш сынып пәндерінде қолдану». Кусаинов Алан Ир-31 тобының білім алушысы, «Водород – энергия будущего». Нагайко Егор У-41б тобының білім алушысы, «Психологическая трансформация через сказкотерапию: снижение агрессии и развитие творческого потенциала у школьников». Әр жұмыс жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырылып, дайындалған. Сондай-ақ арнайы қонағымыз Бузмакова Ирина Александровна «Жас мұғалімнің біліктілігін арттырудағы ғылыми-зерттеу қызметінің маңызы» тақырыбында өзінің тәжірибиесімен бөлісті. Біздің жас зерттеушілерімізге ақыл-кеңесін, жігерлі сөздерін арнап, білім алушыларымыздың болашақта биік шыңға мен белестерге жетуге шабыттандырды.

Ғылымға деген қызығушылық – болашақта үлкен жетістіктердің бастамасы. Жаңашыл көзқарас болашақтың негізі.

«Ұлағат» ғылыми-студенттік қоғамының отырысы білім алушыларымыздың  шығармашылық және ғылыми әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Осындай іс-шаралар білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың кәсіби жетістіктеріне жол ашады.

Алдағы уақытта қоғам мүшелері өз жұмыстарын одан әрі жетілдіріп, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларда колледж абыройын асқақтататынына сенімдіміз.

 

 Каскырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео