Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 29 қаңтардың 2025 12:42

Ак-11 тобында «Pros and Cons of reading a book» таырыбында ашық сабақ

   Цифрлық технологиялардың дамуымен кітап оқудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау танымал тақырыпқа айналды. 2025 жылдың 29 қаңтар күні «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде  өткізілген сабақ барысында Ак-11 тобының студенттері кітап оқудың жеке тұлғаның дамуына қалай ықпал ететіні немесе кедергі келтіретіні туралы өз ойларымен бөліскен заманауи ашық сабақ өтті. Аталған сабақтың тақырыбы — «Кітап оқудың пайдасы мен зияны” болды.

Сабақтың мақсаты оқушылардың сындық ойлау және пікір айту дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім Айнура Бейсенбаевна Казакбаева басшылық еткен бұл сабақ қазіргі білім беру тәсілдері мен мазмұнын ескере отырып өткізілді.

Сабақтың басында мұғалім студенттермен жақсы көңіл-күймен амандасып, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды. Студенттерді  тарту мақсатында сауалдар оқылды: «Соңғы рет қашан кітап оқыдыңыз?» және «Сіздің ойыңызша, оқу пайдалы ма? Неліктен?»

Оқушылар екі топқа бөлінді: «Кітап оқу пайдалы» және «Кітап оқу зиянды». Әрбір топ өз пікірлерін дәлелдеп, постер қорғады. Постер қорғаудан кейін студенттер рольдік ойындар арқылы тақырыпты талқылады.

Соңғында мұғалім оқушыларға жаңа пікірлері туралы сұрақ қойып, оларды ойландыруға жетеледі. Көпшілік студент кітап оқудың мөлшерін арттыру жөніндегі ниеттерін білдірді.

Оқу қызығушлықты ояту мен пікір айту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл сабақ оқушылар көңілін оятуда маңызды рөл ойнады.

Топтық жұмыс аяқталғаннан кейін студенттер пікірталас өткізіп, кітап оқудың білімді тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылатыны туралы белсенді талқылаулар жүргізді.

Сабақ барысында интерактивті Learning Apps, Mentimeter және ISL Collective платформалары қолданылды, бұл сабақты анағұрлым динамикалық және қызықты етуге мүмкіндік берді.

 

Филология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Казакбаева Айнура Бейсенбаевна

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео