Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 30 қаңтардың 2025 10:53

Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

2025 жылдың 28 қаңтарында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің филология кафедрасы апталық аясында топ жетекшісі Кенжегарина А.А. МҚБ-22 тобымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы – «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»

– жастардың денсаулық мәселесіне деген көзқарасын өзгертуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең бағалы сыйы, өмірдің негізі. Денсаулықты сақтау – әр азаматтың өз жауапкершілігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтсақ: «Әрбір азамат өз денсаулығына жауапты болуы тиіс». Бұл сөздер бізді денсаулығымызды қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға үндейді.

Адам бақытты болу үшін, ең алдымен, оның денсаулығы болуы керек. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүру – біздің міндетіміз. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапты бола отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуы тиіс.

Ендеше, «Тәртіп және заң. Тәртіпсіз ел болмайды» ұранымен, біз әрқайсымыз өз денсаулығымызға жауапты болып, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Тәртіп пен тәрбие – салауатты қоғамның негізі!

 

МҚБ-22 тобының жетекшісі

Кенжегарина А.А.

 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео