Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« March 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жұма, 18 мамырдың 2018 18:14

Халықаралық дирижерлер форумы

2018 жылдың 17 мамырында колледждің акт залында Ресей мен Қазақстан өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті. Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани Казына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында. 

Қазақ халық аспаптар оркестрінің 10 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Молдахметов Назымбек жетекшілігімен Халықаралық форумын өткізді.

Делегация құрамына кіргендер:

- Өзбекстанның халық әртісі, профессор Садыков Фарух Тоджиевич,

Ресейлік «Лад» камералық оркестрінің директоры  Безбородова Елена Михайловна,

- Ресейлік «Лад» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері-Безбородов Сергей Ефимович,

- Оркестрлік дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі; Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Лавришин Владимир Иванович,

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры Нусуппаев Анвар Избасарович,

- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық мемлекеттік аспаптар оркестрінің бас дирижері Арман Жудебаев,

Е.Умурзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының орыс халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Заруба Анатолий Васильевич,

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов,

Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, Нұрғиса Тілендиев атындағы халықаралық байқаудың дипломанты Берик Уразалин,

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының директордың міндетін атқарушысы Калкаев Дамир Ельтаевич,

- Қостанай облысы «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ жетекшісі Калмаков Ерлан Болатович.

Форумда колледж директоры Уразамбетова Галия Ульмесханқызы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі Доспанова Салтанат Муратовна, музыка кафедрасының меңгерушісі Бактыгалиева Алия Кайратовна және «Әлеуметтік – мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Қонақтар өз естеліктерімен, алғашқы жетістіктерімен, тәжірибесімен, болашақ жоспарларымен бөлісті. Залда алғашқы минуттарда орын алған қобалжуларды қонақтар ұлы дирижерлер туралы әңгімелеп беру арқылы сейілтті. Студенттер қызығушылық тудыратын сауалдар қойды, сондай-ақ, Арман Жудебаевке Н.Тілендиевтің «Әлқисса» домбыра күйі қойылымына қатысты сұрақтар қойды. Залда музыкант-дирижерді аса қошеметпен марапаттады.

Кездесу соңында қонақтарға Құрманғазының «Балбырауын» күйін домбырашылар триосы, оқу бітіруші түлектер: Қуанышбаева Гульбибі, Ғалымов Аян, Кусаев Абай орындауында музыкалық сыйлық табыс етілді.

Мэтрлерге тамаша кездесуге келгендері үшін ризашылық білдіріліп, сәттілік, шабыт және барлық шығармашылық жобаларды жүзеге асыру жылы тілектері айтылды.

Мәдениет басқармасының бастығы

Доспанова С.М.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео