Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 11 қыркүйек 2018 17:28

Сөзге абай болыңыз!

Халықаралық сауаттылық күні аясында біздің колледжімізде ақпараттық жиын өткізілді, оған колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Халықаралық сауаттылық күніне кітапхана қызметкерлері Урузбаева Р.Ш., Ильина Т.А сөздіктердің барлық түрі: түсіндірме, орфографиялық, шетел сөздері сөздігі, синонимдер және антонимдер, фразеологиялық, анықтамалық, жаттығулар жинағы, білімнің әртүрлі саласы бойынша әдебиеттер: өнер, спорт ұсынылған «Сауаттылық күні» кітап көрмесін рәсімдеді.

Колледждің 55 жылдығына арналған жаппай диктант жазуға жолдама берілді. Диктанттың мақсаты: сауаттылық мәселесіне назар аудару және сауатты жазу мәдениетін дамыту. Диктант мәтіндері қазақ және орыс тілдерінде оқылды.

Диктант жазуға 1 курс студенттерінен 11 топ (280 студент) және әкімшіліктен Саулина Л.В. мен Ким Р.А, топ кураторлары қатысты..

Диктантты бірде бір қатесіз жазған 11 студент ең сауатты студенттер болып танылды.

М-11 Нурахметова Мадина

М-11 Сабитбекова Камшат

Ар-13  Хусайынова Жазира

У-11 Матузко  Оксана

У-11 Абдыкалыкова Диляра

В-12  Астапкова Виктория

Ар-11 Бикдаирова Амина

Ар-11Бабич Ксения

Ар-11Кусаинова Ангелина

РТК-11 Федорова Юлия

РТК-11 Короткова Евдокия

Студенттер грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды. Жеңістерімен құтттықтаймыз! Арықарай да сауаттылықтың биік деңгейіне жетулеріне табыс тілейміз!

Колледжіміздің студенттері мен педагогтары! Қалай сөйлейміз, қатесіз жазамыз ба, белгілі бір жағдайда сөздерді өз орынында қолданамыз ба сол жағын ойластырайық. Сөзге абай болайық!!!

Әдіскері

Баекенова С.А.

Филология кафедрасының меңгерушісі

Кенжегарина А.А.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео