Биыл біздің колледж өзінің 55-жылдық мерейтойын өткізеді!
Студенттер, ата-аналар мен оқытушылар, педагогикалық еңбек ардагерлері үшін мерекелік шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кураторлық сағаттардан басталды, онда жастарды дамытудың, азаматтықты және патриотизмді тәрбиелеудің өзекті мәселелері қаралды.
Жаңа оқу жылының басталуы ең жарқын, қызықты және есте қаларлық, себебі бұл бастама, достармен кездесудің қуанышты сәті, жақсы бастамалардың символы, батыл эксперименттер, жаңалықтар мен жетістіктер, шын көңілді қуаныш, күтпеген тосынсыйларға толы мереке болып табылады.
Мектептерде бұл бірінші қоңырау мерекесі, колледждерде және университеттерде, бірінші кезекте - бірінші курс студенттерінің мерекесі.
Студенттік шақтар білім алушылар үшін есте қалар кезеңдердің бірі, себебі бұл уақытта олардың өмірлерінде тек білім ғана емес, сонымен қатар студенттік мерекелік іс-шаралар орын алады. Оқу жылындағы ең алғашқы мерекелердің бірі – студент қатарына кіру.
Биылғы жылы 03 мен 08 қыркүйек арасында колледжіміздегі «Бірінші курс мектебі» «Рухани - адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбие» атты ұранмен өтеді.
«Бірінші курс мектебі» студенттер үшін жаңа бастама және олар үшін көптеген қызықты кездесулер мен іс-шараларға толы болмақ.
Әрқайсыларыңызға қызықты оқу жылын, табандылық, еңбекқорлық, өз қабілеттеріңізге деген сенімділік және жаңа білім шыңдарын бағындырып, өздеріңіздің болашақтарыңызға және мамандықтарыңызға деген бір қадам жасауларыңызды тілейміз!
Оқытушы-ұйымдастырушы
Морозенко С.М.