Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сенбі, 15 қыркүйек 2018 13:28

Колледждегі есімдер тарихы

Rate this item
(0 votes)

Әр оқу ордасының бет бейнесі болады. Ол тек ғылым, ғылыми жетістіктер немесе оқу ордасының дәтүрлері емес. Ең алдымен адамдары.

Осы оқу ордасын бітіріп, қызмет еткен және оны әркез есте сақтайтын адамдары деп білеміз. Әр колледждің өзіне сай энергетикасы бар. Ол мыңдаған түлектер, қызметкерлер, студенттер мен мекеменің дәстүрлері. Колледждің жетістіктері - студенттік жылдар мен студенттік достықты біріктірген түлектердің жетістіктері.

Біздің 1988 жылғы шығарылым колледж тарихында өз  жолын қалдыра білді. Колледжге түскен алғашқы сәттерді ұмыту мүмкін емес. Дәл сол уақытта бір-бірімізге деген көзқарас, достық пен жолдастық қарым-қатынас қалыптасты. Өткен өмірімізді парақтай отырып, естелік болып қалған фотосуреттердегі оқытушыларымыздың бейнелеріне қарап оларды мәңгі жадымызда сақтаймыз. Біз тағдырға білімді осындай ең үздік оқу ордасында алғанымызға алғыс білдіреміз. 

Биыл біз 30 жылда бірінші рет кездестік! Біз үшін педагогикалық училище – бұл ғылым мен мейірбандық ғибадатханасына айналды. Бізге білім нәрін сусындатқан көптеген оқытушылар болды. Математик, үнемі сабырлы және мейірімді. Біздің сынып жетекші және педагогика оқытушысы – тәлімгер, дос және үлкен жолдас. Орыс тілі және әдістеме оқытушысы, қамқор және мұқият, бізді орыс тілі мен әдістеме сынақ сабақтарына мұқият дайындаушы лингвист, училище директоры және т.б. оқытушылар. Олар үлкен әріптен тұратын, өз істерінің білгірлері нағыз ұстаздар еді. Олардың сабақтары ұмытылмас, олардың есімдері мәңгі тірі және біз үшін қымбат.

Біздің оқу ордамызда көп нәрсе өзгерді. Қазіргі уақытта Қостанай педагогикалық колледжінің қабырғасында ашық хореографиялық класстар, монтаждау, спорт залдары, асхана, кітапхана, заманауи алаңдар бар. Біз үшін ұмытылмас күн мұражайға экскурсия болды. Колледж тарихы біз үшін жаңа түлектер мен ардагерлер арқылы танылды. Өйткені, әрбір адамның өмірі мемлекет өмірінен ажырамайды, сол сияқты колледждің тарихы - студенттер мен оқытушылардың өмірінен тұрады. Біз – оқу ордамызды мақтан тұтамыз.

Педагогикалық училищеде біз жаңа өмірге жолдама алдық. Көпшілігіміз мектепте жұмыс атқарамыз. Әрбір педагог жылдар бойы өз ісіне адалдық танытып олардың істеген жұмыстары мұғалімдердің жаңа буынына үлгі болып келе жатыр. Мұғалім күнделікті, кейде көзге көрінбейтін ерлікпен айналысады - өз білімдерін береді, өз жүрегінің бөлшектерін шәкірттеріне салады. Мұғалім оларға өзінің жолын табуға көмектеседі. Мұғалімнің еңбегі асыл және керемет.

Біз 80-жылдардың түлектері эстафетаны жас мұғалімдер ұрпағына береміз. Педагогикалық колледждің мақтанышы – ол оның түлектері. Болашақ студенттерге тілеріміз, барлық естеліктерді жадында сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа ескерткіш ретінде жеткізуіне тілектеспіз.

Мектеп оқушылары, Қостанай педагогикалық колледжін таңдаңыз! Білімді беделді оқу орнында алыңыз! Өз ісінің білікті маманы болыңыз.

1988 жылғы түлектер.

 

Read 840 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео