Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018 16:23

«Сандық қадамдар»

«Сандық Қазақстан» - ел үшін жаңа және маңызды бағдарлама. Қазір көптеген елдердегі цифрлау - бұл стратегиялық дамудың айқын басымдықтары.

 Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық индустрияны дамыту барлық басқа салаларға серпін беретінін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы цифрлы технологияларды қолдану арқылы құрылған жаңа өндірістерді дамыту міндетін қойды.

26 қыркүйекте колледж студенттері үшін «Рухани жаңғыру» және «Сандық Қазақстан» бағдарламалары аясында «Менің Қостанайым» мобильді қосымшасын таныстыру және енгізу шарасы өтті.

Бұл мобильді қосымшаны «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Ванюков Артур, жас, талантты информатика пәнінің мұғалімі Бекболатов Ербол Кенжебайұлының жетекшілігімен жасаған.

Өткен жылы бұл жоба Қостанай облысында XV облыстық мультимедиялық жобалар фестивалінде ең үздік деп танылды, онда бас аяғы 79 жоба ұсынылған болатын.

«Менің Қостанайым» мобильді қосымшасы Қостанай қаласының тарихы, көрнекті орындары, сәулет ескерткіштері, мұражайлары, жазушылары мен спортшылары туралы ақпарат каталогы болып табылады.

Студентер қосымшаны белсенді жүктеп, ондағы мәліметтер мазмұнымен танысты. Олар осы қосымшаны қолданудың маңыздылығын атап өтті, ол арқылы қаланың көрікті жерлерін таңдауға, топпен бірге жүріп, қаланың жазушылары мен спортшылары туралы мәліметтер табуға, сүйікті қаламыздың фотосуреттері және қала жөнінде маңызды ақпараттар жинақталғанын айтты.

Айта кетерлігі, колледж студенттері цифрлық технологияларды қолданумен ғана емес, оларды елдің игілігі үшін пайдалану мүмкіндігін зерттеуде.

Ақпараттық технологиялар жөніндегі

директордың орынбасары

Кубжасарова Ж.И.

 

Read 913 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео