Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 10 қыркүйек 2018 14:41

Біздің заманымыздың ерлері

Rate this item
(0 votes)

 

Патриот деген кім? Көбісі ол өзінің елін және тілін жақсы көретін адам деп жауап беруі мүмкін. Олардың пікірлері де дұрыс, бірақ «өз елін сүю» дегенді қалай түсінуге болды. Кез-келген адам патриоттық сезімін оңай жеткізе алмайды ғой.

 

Жаңа оқу жылы басталмас бұрын, біздің тамаша куратор Шагатаева Зауреш Жарасбайқызының жетекшілігімен, ағылшын тілінің болашақ мұғалімдері Ар-23 тобының студенттері Камысты ауданындағы «Алтынсарин» ЖШС-нің бірегей мұражайына барды.

 

Айта кетерлігі, бұл күн жоспарлы түрде және көптен күткен сапар болды. Біз қасиетті объектіге бірінші рет келуіміз болғандықтан, оған дейін барған Қостанай ауданындағы, қала маңында орналасқан Ыбырай Алтынсарин кесенесі өзінің ерекшелігімен таң қалдырған болатын.

 

Мұражайдың атын естігенде, біз өзіміздің туған өлкеміздің тарихын зерттеуді жалғастырып келе жатқанымызды түсіндік, бірақ бұл жолы облыс орталығынан тыс сапарға аттандық. Біз тобымызбен алғаш рет мұндай сапарға бардық. Мұражай қандай болады және ол неге Ы.Алтынсарин есімімен байланысты деген көптеген сұрақтарды поезға отырған сәттен бастап бірден қызу талқылай түстік.   Бақытымызға орай, біз діттеген орнымызға аман-есен кірдік және бізді өте жақсы қабылдап, жылы құшақпен қарсы алды! біздің топтың оқушыларының ата-аналары Омаров Берік Орынбасарұлы және Гүлмира Нұртасанқызы бұл сапарды ойластырып қойыпты. Бізді бірден бірнеше машинамен қарсы алып, жергілікті асханада дәмді және пайдалы түскі ас ұйымдастырып, бізге үлкен қамқорлық танытты.

 

Алтынсарин ауылына келмей жатып, бізді бұл мекен өзінің керемет құрылысымен таң қалдырды. Ретро стиліндегі көптеген ғимараттар: мұнаралар, құлыптар, субұрқақтар, шахмат алаңы және екі жүзу бассейні - бізді керемет сұлулығымен тамсандырды. Алайда, барлық қызық «Алтынсарин» ЖШС-нің мұражайына келгенде басталды. Біз осы қызықтарды тамашалап уақыт жетегінде кеткендей болдық, мұражай барлығы бес бөлімнен тұрады екен. Ауылдың құрылған күні мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне дейінгі уақыт аралығы: тың уақыты, көшпенді ата-бабаларымыздың тұрмысы, көне киіз үйлер, ұлттық киімдер, көптеген әшекейлері; орыстардың үйшіктері және балшық ыдыстары бар пештер, айналдыру дөңгелектері; тың уақытындағы патефондар мен гаджеттер, жазбалар, телефондар ...Ондағы сирек кездесетін машиналарды айтсаңызшы! Біздің таңданысымызға орай, олардың бәрі жақсы қалыпта екен, тіпті біздің аймағымыздан тыс, Астананың алаңдарында әртүрлі шерулер мен көрмелеріне қатысады.

 

Экскурсиядан кейін, біз ауылдағы орта мектепке бардық. Онда бізді мектеп директоры Плотцев Александр Николаевич күтіп отыр екен. Онымен біз ағылшын тілі мұғалімі мамандығының маңыздылығы мен Алтынсарин мектеп оқушыларының біздің педагогикалық колледжде ағылшын тілінің мұғалімі мамандығын  меңгеруіне деген қызығушылығы туралы әңгімеледік.

 

Мектеп директорына, біз, педагогикалық колледжде оқытылатын мамандықтар жайында қамтылған буклеттер, плакаттар мен презентацияларды табыстап кеттік.  

 

 Біз сондай-ақ, балкондары, киінетін, жуынатын бөлмелері бар, тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған үлкен ауылдық спорттық-сауықтыру кешеніне бардық.

 

Сондай –ақ, аталмыш ауылмен Ы.Алтынсарин есімі қалай байланысты екенін білдік. «Алтынсарин» ЖШС-і Ы.Алтынсарин атамыз алғаш ашқан мектепте орналасқан екен, дәл осы кісі бұл аймаққа көптеген мадақтамалар мен білім нәрін тамырлатқан, сондықтан да ауыл көрнекті ұстаздың есімін үлкен мақтанышпен алып келеді.

 

Бізде артық уақыт болмағандықтан, қызыққа толы экскурсиямыз аяқталғаннан кейін, бізге қайта оралу керек болды, сондықтан тарихқа толы мекенмен қимастықпен қоштастық.

 

Үйге қайта бара жатқан жолда алған әсерлерімізді бір-бірімізбен және пойыз жолаушылармен бөлістік. Біріне сирек кездесетін машиналар, кейбіріне сәулет құрылыстары, ендібіріне субұрқақтар мен шахмат, спорт алаңы ұнады, бірақ бізді әлі күнге дейін таң қалдырған дүние басқа.

 

Егер мақаланың қай жерде басталатындығын еске түсірсеңіз, онда сіз біздің не айтпағымызды түсінесіз. Біз отанымыздың патриоттарымыз, біз өз елімізді бағалаймыз және мақтаныш етеміз! Біз бей-жай қалмай, Қазақстан жайында, біздің кішкентай отанымыз - Қостанай туралы, оның айналасындағы барлық нәрселер туралы, сондай-ақ онда тұратын және өмір сүретін нәрселер жайында көбірек білгіміз келді. Бірақ, біздің ойымызша, осы шағын ғана ауыл тұрғындары өздерінің кішкентай Отанының шынайы патриоттары. Олар бізге патриотизм жайында ойлануға мүмкіндік берді. Қазақтарда «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаса керек. Олар Отанын қалай жақсы көретіндігі жайында сағаттап айтпайды, кеуделерін соғып айқайламайды, қымыз ішіп, көк бөрілер ұрпағынан екенін айтып,  «О, біздің шексіз далаларымыз қаншалықты әдемі!» деп таңданбайды. Жоқ, олар өздерінің туған жерінің жағымды және жағымсыз жағын көріп, Отанының игілігі үшін барлық күштерін жасауға тырысады. Біз Алтынсарин жерінде бұрын көл аққаннын білдік, сондықтан қазіргі күнде бұл жердің топырағы құнарсыз. Бірақ бұл олардың алға басуына және олардың еңбектерінің жемісін жинауға кедергі келтірмейді! Бұл адамдар өздерінің ата-бабаларының жұмысын жалғастырып, қалған барлық нәрселерді қорғайды, «осылай бұл жандар тарихты сақтайды!» Осындай сөздермен алғыс кітабында біз мұражай қызметкерлеріне Князева Валентина Анатольевнаға, Омарова Гүлмира Нұртановнаға және Маликова Алтыншаш Сарсенбаевнаға тарихты сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірдік.

 

Қарапайым, ешкімге танымал емес, орта табысы бар адамдар – біздің Отанымыздың шынайы патриоттары және біздің заманымыздың ерлері!

 

Мақаламызды «Кейде іс-әрекет, бос сөзден артық» деген астарлы мәні бар даналық сөзбен аяқтағымыз келеді...

 

Иржанова Алсу, Ар-23 тобы 

Read 860 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео