Өз баяндамасында ол ХХІ ғасырда белгілі бір ғылым аймағында кәсіби білім алу жеткіліксіз екенін атап айтты.
Сондықтан Қостанай педагогикалық колледжінің бірінші кезектегі міндеті – оқу барысында табысты тұлғалар тәрбиелеу. Жоғарыбілікті, еңбек нарығына қажетті мектепке дейінгі мекемелер, мектеп және мәдениет саласының мамандарын дайындау.
Уразамбетова Г.У. мұғалімнің табысты кәсіби өсуі үшін қажет негізгі төрт құзіреттіліктері туралы бірінші курс студенттерімен бөлісті: педагогикалық білім, функцианалды сауаттылық, жалпы мәдени білімділік, менеджерлік қасиет (қақтығыстарды шеше білу, адамдарды ұйымдастыру).
Қызықты және мазмұнды дәріс бірінші курс студенттері үшін Қостанай педагогикалық колледжіндегі білім жолындағы жақсы бастау болды.
Жастар ісі Комитетінің төрайымы
Явош Алена