2016 жылғы колледж түлектері: Тасбулатова Тұрсынай мен Еслямова Динара өздерінің сүйікті мұғалімдері және колледжімен кездесу ұсынысына қуана келісті.Олардың орындауындағы музыкалық сый барлығына ұнады.Ал, үшініш курс студенттері барлық ниет білдірушілерді өткізілетін іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.
Осы күні қатысушылар, оқытушылар және колледж қонақтары Третьякова О.В дайындаған бейнематериал және Молдабаева А.У. дайындаған ақпараттық дайджест арқылы оқу орнымыздың мамандықтар тарихымен танысты.
Бірінші қабатта ұйымдастырылған «Қостанай жерінің күзгі желісі» атты колледж студенттерінің шығармашылық жұмыс көрмесі қонақтар мен қатысушыларға аса ұнады. Осы көрменің ұйымдастырушысы-педагог, өзінің біраз өмірін педагогикалық жолға арнаған Эмбер А.М болды. Үздік шығармалар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Кафедраның оқытушылары Лойко В.А. и Третьякова О.В. табиғатпен танысу әдісі және экология негіздері пәндерінен ашық сабақ өткізу барысында колледждегі оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін көрсетіп, әріптестердің қызығушылығын тудырған тәжірибе мен әдіснамалық мәліметтерді көрсетті.
Оқытушысы Л.И. Артюшина ұйымдастырған үзіліс кезіндегі іс-шара қызықты және жемісті түрде ұйымдастырылды, ол екінші курс студенттерімен бірге мектеп бөлімінің бірінші курс студенттерін шақырды және оларды балалармен жұмыс істеуде пайдаланылатын түрлі театрлармен таныстырды.
Дәстүр бойынша, №5 балабақшаның әдіскері Досмаков Д.Ж., № 61 балабақшаның әдіскері Н.А. Алпысбаева кафедра күніне орай оқытушылар мен студенттерді озық педагогикалық тәжірибемен таныстырды. «Рухани жаңгыру» бағдарламасы бойынша «Қостанайдың жарқын болашағы» атты мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс ұйымдастырылды.
Кафедра күнінің жарқын аяқталуы «Бақытты жағдай» интеллектуалды ойынының өткізілуі болып табылады, оған В-12 және У-12 топтары қатысты. Бірінші курс студенттері өздерінің интеллектуалды қабілеттерін, шығармашылықтарының кеңдігін, біртектілігін және мақсаттылығын көрсету мүмкіндігіне ие болды. Шығармашылықты және мейірімді ойын ұйымдастырушылары Саулина Л.В. және Кострова Л.Ю., ойынға команданың мүшелері ғана емес, жанкүйерлер де ойынға қатысуға және командаларға қосымша ұпай жинауға көмектесті. Жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары беріледі. Кафедра күні оқытушылар мен студенттерге ғана емес, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің ғана емес, бүкіл колледжге де әсерлі әсерін қалдырды.
Оқытушы Кострова Л.Ю.