материалдарымен келді, ал ұстаз-студенттер жақсы көңіл-күймен аудиторияға кіріп, өздерінің «жас педагогтарын» жылы қарсы алды.
Ұстаздар студенттердің жазбаларын тексергенде, олар өте жақсы, жоғары деңгейде дайын болды. Студенттер өздерін нағыз мұғалімдер сияқты ұстауға тырысты. Ал педагогтарға өздерінің студенттік шақтарын еске алу мүмкіндігі туды.
Менің ойымша, біздің жолымыз болды, себебі бізде бір күн бойы ұстаз болу мүмкіндігі болды. Әрине, біз жүз пайыз ұстаздық рөлге енуге тырыстық. Біз тек қана СІЗДІҢ және сіздің қолдауыңыздың арқасынды өзімізді сенімді ұстадық. Барлығы үшін сіздерге рахмет. Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, түсінушіліктеріңіз және уайымдарыңыз үшін. Жәй ғана сіздердің бар болғандарыңыз үшін. Бүгін, біздің сүйікті оқытушыларымыз-біздің өмірімізде маңызды рөл атқаратындарын көбісі түсінді.
Сіздерді әрқашан осылай жас, көңілді көргіміз келеді, себебі сіздердің жымиғандарыңыз – біз үшін ең қымбат сый.
Ар-23 тобының студенті
Иржанова Алсу