Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сәрсенбі, 07 қараша 2018 16:50

Қоғам қайраткері-Спандияр Көбеев

Rate this item
(8 votes)

03 қараша 2018 ж. «Скауттық топ» мүшелері болып, ұлы педагог Спандияр Көбеев туып өскен Ақсуат ауылына бардық. Біздің мақсатымыз Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің туып өскен жеріне барып, жастарға арнаған үлгі-өнегесін  дәріптеу,

Спандияр Көбеевтің атындағы мектептің жабылмауына өз үлесімізді қосу болды. Ақсуат ауылына  жетісіменауылдық бастауыш мектепкебардық. Ол жерде мектеп мұғалімі Магамбетова Үміт Сансызбаевна бізге мектепті толығымен таныстырып, бар жағдайды шын ықыласымен баяндап берді. Мектептің әр бұрышы Көбеевті еске салып отырады. Мысалы, суреттері, сынып бұрыштары және т.б. Кейбір адамдар өз еріктерімен мектептің ескі күйін жаңартып, материалдық көмек беріп, қолдарынан келгенше бар жағдайын жасап берген, алайда ең өкініштісі мектепте білім алушылар саны аз болып келеді. Мектеп ішілік Спандияр Көбеевке арналған кішігірім музейде оның бұрын киген тоны, жазған бірнеше кітаптары, жұмыс орнының үлгісі маңызды экспонаттар болып табылады. Педагогдың бүкіл өмірін толығымен сипаттайтын қабырғалар мен шығармашылығына бас иіп, Көбеевке арнап жасаған көптеген адамдардың заттары шағын музейді әсерлендіріп тұр. Педагогикалық жұмыс ардагері Сабиева Гаухар Сабиевна арнайы мектепке келіп, студенттік шағындағы Спандияр Көбеев ұстаздық еткен сәттерін бізге баяндап берді. Сол күні мектеп оқушыларын және олардың ата-аналарына арнап шағын концерт қойып, балаларға олардың ақыл-ойын дамытатын сыйлықтарды табыстадық.

Мектеп әкімшілігі мектеп дәрежесінің жыл сайын төмендеп жатқанына күйінеді, себебі кеңес уақытының ұлы педагогы Спандияр Көбеев есімін алған мектептің бұрынғы халі мен қазіргісі жер мен көктей. Оған қоса киелі мектепті басқару органдары жапқысы келетіндігі жағдайды одан әрі ушықтыруда. Бұл әкімшіліктің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша рухани-адамгершілік тәрбиесі мен жас ұрпақ арасында патриоттық сезім қалыптастыру туралы іс-әрекеттерінің сақталмайтындығын білдіреді. Ақсуат ауылынан жыл сайын тұрғындар көшуде, алайда ауыл орналасқан жердің табиғаты керемет, сонымен қатар барлық әлеуметтік тіршілікті қанағаттандырады. Мысалы, Ақсуат көлі балыққа бай, негізгі трасса бойында орналасқан,егін салуға жері құнарлы. Әкімшілік мүшелері тарихты сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізетін адамдар бар екендігін ескеріп соларға қол ұшын берсе, мектеп те жабылмай, ауыл тұрғындарының да жаны жай табар еді. Сондықтан біз, жас студенттер, әкімшілік органдар өздерінің ішкі патриоттық және рухани-адамгершілік қасиеттерін көрсетеді деген үміттеміз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұзақ жылдарға қабылданды,сондықтан бұл мәселені жауып тастамай, керісінше тұрғындарды қайтаруға жағдай жасап, Спандияр Көбеев атамыздың есімін мәңгілік жас ұрпақың есінде қалдыруға үлкен көмек көрсетеді деп ойлаймыз.

АК-21 тобының студенті

Маряк Динара

 

 

Read 4784 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео