Польша Тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған "Польшадан махаббат" қазақстандық турының аясында, осындай концерттер Көкшетау, Карағанды, Павлодар қалаларында өтеді.
Тур осы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтетін отанымыздың жүрегі - Астанада аяқталады. Бұл іс - шараның ұйымдастырушылары-Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ және Қостанай поляк "Nadziejа"қоғамы болды.
Жүргізуші рөлінде Қостанай педагогикалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Кожевникова А.И. сөз сөйледі. Қостанай облысы халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Б. Б. Аккужина мен Қостанай облыстық поляк " Nadzieja" қоғамының төрағасы Радомский В.Л. поляк пианистінің атына алғыс сөздер айтты.
Концертте Кшыштоф Кичьордің авторлық композициялары, сондай-ақ Фридерик Шопеннің, Феликс Добжинькийдің, Әділжан Толықпаевтың, Александр Затаевичтің, Ян Сибелиус және Ян Падеревский Игнацияның танымал шығармалары орындалды. Осы іс-шараға музыка кафедрасының оқытушылары мен МУЗ-11, МУЗ-21, МУЗ-31 топтарының студенттері қатысты. "Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық" мамандығының студентеріне осындай іс-шараларға қатысу, болашақ бос уақытты ұйымдастырушы және орындаушы-аспапшы ретінде кәсіби өсуі үшін қажет.
Музыка кафедрасының оқытушысы
Кожевникова А.И.