Осыған байланысты «Анатомия,физиология және балалар гигиенасы» ккрстары аясында 31 қазан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша «Дқрыс таңдау жаса» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында идеалды және құндылықты көтеру, салауатты өмір салты идеясының таралуы болды.
Ойында Кравченко Т.Н. жетекшілігімен В-12 тобынан «Иммунитет» және «Гелиос» атты екі команда қатысты. Ойын интеллектуалды, елеулі әрі көңілді сайыс-тапсырмалардан тұрды: «Түймедақ» сайысы, салауытты өмір салтының конпоненттері білімдеріне «Сөз ойыны» сайысы, плакаттар сайысы «Денсаулық сенен басталады», «Мақалды аяқта», «Миға шабуыл», студенттер өздерінің қалта телефондарын қолдана отырып денсаулық мерекелері туралы «Мерекелер» сайысында quizizz.com сайты арқылы өз білімдерін тексерді. Қорытынды бойынша екі команда да марапатталып, қатысушыларға алма тәрізді витаминдер жиынтығы берілді. Ойын пайдалы әрі шытырманға толы болды.
Денсаулықты тек қана адам сақтай алады. Біздің денсаулығымыз ішілген дәрі-дәрмектен емес, біз жүргізетін салауатты өмір салтынын, бізді қоршаған орта жағдайынан, табиғатпен қарым-қатынасымыздан байланысты. Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!
Кравченко Т.Н.