№2 мектеп бөлімінің студенттері алдында скауттық қозғалыс туралы, оның мақсаттары, қағидалары, негізгі заңдары, скауттық қозғалыстың атрибуттары туралы баяндамамыздан кейін біздің кіші Отанымыздың тарихына қызығатын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Біздің қатарымыз жаңа «жауынгерлермен» толықтырылды, олардың арасында ұл балалар ,сонымен қатар қыз балалар да бар. Енді біз ,қайта жаңартылған құраммен, еліміздің тарихымен және оның қаһармандарымен танысуды жалғастырамыз.
13 қазанда, сенбіде, біз - скауттық топ, 1-2 курс студенттері, ағылшын тілінің болашақ мұғалімдері, біздің куратор Шағатаев Зәуреш Жарасбайқызымен бірге біздің жеріміздің тарихын зерттеу үшін Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының Введенка кентіне бардық. Біз бұл сапарды көптен бері жоспарладық, оған дайындалдық, мінекей бүгінгі күні біз осыны да істедік.
Біз колледжден сағат 8: 30-да шығып, 1 сағат 40 минутта Введенкаға жеттік. Біз келгенде, мектеп оқытушылары өздерінің бірінші мектеп басшылары Бердібаева Гүлпан Айесқанқызымен бірге бізді қарсы алды. Олар бізді мұздатпай, тәтті тағамдарға толы дастархан жайылған мектеп ішіне алып кірді. Көп ойланбай, жолдан кейін қолымызды жуып, үстел басына отырдық, одан кейін біз үшін дайындалған заттарды көре бастадық.
Сенбілікке қарамастан, мектеп біздің келуімізге орай міндеткерлікпен дайындалғанын атап өткім келеді. Демалыс күні бізді барлық қызметкерлер күтіп алды : бұл мұғалімдер, қызметкерлер, оқытушылар және оқушылар.
Түстен кейін бірден бізді тосып отырған мәжіліс залына бардық. Біздің келуімізге арнайы, өзіміз қалаған ақпаратты ұсынған конференция ұйымдастырылды. Конференция екі бөліктен тұрды, олардың арасында біз оқушылардың қызықты және адамның жанын арбайтын көрсетілімдерін көре алдық. Конференцияның бірінші бөлімінде бізді Карабаев Мұхамеджан Қарабайұлы сияқты тамаша адамның өмірбаянымен таныстырды. Бұл - қазақтың алғашқы куәландырылған дәрігері, Николаев уездінің, Кенарал болысының тумасы , ол кісі туралы естеліктерді конференцияда үлкен абыроймен және құрметпен айтты.
Бізге оның қарапайым емес өмірі туралы, бір орысша сөз білмейтін қазақ жігіті қалай Ресейлік оқу орнына түсіп, оны үздік бітіргені, оқу барысында өзге тіл үйренгені және дәрігерлік атақ алғандығы, яғни арманын қалай шын өмірге жүзеге асырғанын баяндап берді. Сондай-ақ залда оның немересінің әйелі, Мұхамеджан Қарабаевичтің тағдыры туралы, яғни өз арманына сенген, өз халқына пайдалы болғысы келетін қарапайым баланың тағдыры жайлы айтып берді . Ол сондай-ақ өзінің күлімсірегенімен: «... Біз атамызды мақтан тұтамыз және біз оны әрдайым жадымызда сақтасақ, ол әрі қарай өмір сүре береді. Біз атамыздың медициналық қызметін жалғастырамыз. Мұхамеджан Қарабаевичтің немерелері мен шөберелері, өзі сияқты, медицинамен халыққа көмектесе айналысады».
Конференцияның келесі бөлімі Введенка тумасы , жүрегі бақытымызға орай әлі күнге дейін соғып жатқан Серік Сұлтанғабиевке арналған . «... бұл бала жас кезінен соншалықты ақылды болды, мен оны тәрбиелеу мен білім беру мәртебесіне ие болғаныма өзімді мақтан тұтамын...» Серік Сұлтанғазиевтің мұғалімі, педагогикалық жұмысының ардагері Гиалина Федоровна Кичигина , қазір Введенка мектебінің қабырғасында педагогикалық қызметін жалғастыруда , ұйымдастыру іс-шараларымен және мұражайды басқарумен айналысады.
Ар-23 тобының студенті Иржанова Алсу,
топ кураторы Шагатаева З.Ж.