Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 01 қараша 2018 18:42

Талант-бұл өз-өзіне деген сенімділік!

Rate this item
(1 Vote)

Қазан айының 30 күні ҚПК акт залында нағыз шоу- көптен күткен бірінші курс студенттерінің арасындағы таланттар жарысы- «Шабыт-2018» өткізілді.

Ашылу салтанатында тамаша әндерімен МУЗ-31 тобының студенттері өнер көрсетті.Тамаша әннен кейін сахна төріне кеш жүргізушілері Балтабаев Айбек пен Жакетова Аина шығып,барлық ұстаздар мен студенттерді және кеш қонақтары:ата-аналар,қатысушылардың жақындарымен амандасты.Әділ қазылар құрамында: Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Кудиярбекова Айгуль Максутовна,сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі Темирбекова Айгуль Тулегеновна, хореография кафедрасының оқытушысы Синицина Александра Владимировна , ақпараттық технологиялар бойынша директор орынбасары Кубжасарова Жанар Илеусизовна,Кәсіподақ құрамының мүшесі ,әлеуметтік-құқықтық комиссия төрағасы Рахымбек Мадина.

Бірінші курс студенттерінің барлық орындаулары «Вокал», «Инструментал» , «Хореографиялық шеберлік», «Көркем оқу», «Фристайл» номинациялары бойынша бөлінді.Кеш барысында көрермендер орындаушылардың өнерлеріне тәнті болғаны соншалық  олардан көздерін алмай қарады.Бізді тамаша әндермен,музыкалық аспаптардағы шебер орындаулармен,көңілді билермен,жүрекке жақын өлеңдермен қуантты.Менің ойымша,барлық қатысушылар бас жүлдеге лайықты болды,бірақ «Әрқашан тек мықты жеңеді!» деп бекер айтылмаған. Кеш соңында қазылар алқасы кешті қорытындылап,жеңімпаздарды анықтау үшін ақылдасу бөлмесіне барды.

Сол уақытта концерттік бағдарламаны біздің көңілді әрі тапқыр ҚПК студенттері, «КПК Продакшн» КВН құрамасы жалғастырды.Команда құрамына бірінші курс студенттерінің қосылғандығы белгілі. Кешті одан әрі бірінші және төртінші курс студенттері Яровая Виталина және Косимова Нигораның жетекшілік ететін «Energy» би үйірмесі құрамының мүшелері көңілді билерімен жалғастырды.Атап өтсек,бұл олардың алғашқы орындаулары болып табылады.Бұл орындау студенттер мен ұстаздарға көңілді әрі жағымды әсер етті. Көрермендер жеңімпаз есімдерін тағатсыздана күтті.Бірақ ұйымдастырушылардың бізге дайындағандары бұнымен біткен жоқ.Бізге бұрын «CollegeVision» деген атпен таныс ал қазіргі атауы «StudentVision»  өзінің ресми бейнероликтерін ұсынды.Бұдан біз сайыс ережелері мен талаптарының өзгергендігін және оның облыстық деңгейде өткізілетінін байқаймыз. Сонымен қатар бізге Sharunidze Studio- «Дары знаний и Тайна Семи Чудес» атты жұмысын ұсынды.

Ендігі кезекте қазылар алқасы сайыс қорытындысымен бөлісті.Әр түрлі номинациялар бойынша бірінші орынға ие болғандар: «Вокал» номинациясы бойынша Ак-11 тобының студенті Кадыр Шерхан,  «Хореография» номинациясы бойынша М-11 тобының студенті Султанбекова Айдана, «Көркем оқу» номинациясы бойынша Ар-13 тобының студенті Дементьев Александр, «Инструментал» номинациясы бойынша У-11 тобының студенті Абдыкалыкова Дилара, «Фристайл» номинациясы бойынша У-21 тобының студенті Рябчун Виктория . Сонымен қатар қатысушылар жүлделі екінші және үшінші орындармен , қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Іс шара естелікке фото суреттерге түсумен аяқталды. «Шабыт-2018» жарысын студенттер осы жылдың ең қызықты әрі көңілді шоу ретінде еске түсірер деген сенімдемін!

Иржанова Алсу

Read 1517 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео